Patriot-tulga.kz
ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ
Азаматтың асқар тауы
Жақында мұрағаттық құжаттарымның арасынан ішінде Шона Смаханұлы туралы «Азаматтың асқар тауы» деген тақырыптағы естеліктерім жарияланған «Дала дидары» газетінің 1991 жылғы 2-8 мамыр аралығындағы санын тауып алдық. Материал газетті сол кезде басқарған Ділдар Мамырбаеваның өтініші бойынша жазылған еді. Арада 30 жыл уақыт өтіпті. Белгілі сатирик-ақын Шона Смаханұлы артында мол әдеби мұра ғана емес, азамат ретінде елеулі із де қалдырғаны мәлім. Ол Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Мектеп кеңесінің төрағасы ретінде бүкіл республикамыздағы қазақ мектептерінің жағдайына айрықша назар аударып, Алматыда қазақ мектептері мен балалар бақшаларының санын көбейту жолында жанын салды. Сол тұста Мектеп кеңесінің жауапты хатшысы, кейін төрағасының орынбасары болып Шөкеңмен бірге қазақ мектептері мен балабақшаларын ашысуға атсалысқанымды әлі күнге іштей мақтан тұтамын. Асыл азаматты еске алу мақсатында сол материалды оқырмандарға
қайта ұсынғанды жөн көрдім.
Алау мінез Алханбек
Редакция өтініші бойынша Алханбек Мәлкеев туралы материал жазу ол кісінің замандастарын іздеуден басталды. Әрине, туғанына жүз жылға жақын уақыт өткен, қысқа ғана өмірінде ұжымдастыру кезеңін, Ұлы Отан соғысының от-жалынды майдандарын, соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру, ауыл шаруашылығын алға бастыру науқандарын басынан өткеріп, халық тұрмысын жақсартуға аянбай атсалысқан азамат туралы жазу оңай емес. Өзін көрмегеннен кейін замандастарын іздеп, тауып, олармен сұқбаттасу, мұрағаттық деректерге жүгіну әлбетте ләзім.
Ақынның жүрек сөзі
Қазақ өлең өнерінің айдынына өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының о жақ, бұ жағында қосылған буын туралы көп жазылып, көп зерттеліп келеді. Бұл негізінен соғыстың алдында туған лек. Көрнекті өкілдері ретінде Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев сияқты жыр жампоздарының есімдері аталады. Олар өндіре жазды, өлең өлкесінің өрісін кеңейтті. Қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарына айналды. «Толқыннан толқын туады» демекші, 1970 жылдардың басында қазақ поэзиясына жаңа бір буын келіп қосылды. Ағалар өкшесін басып ақындық әлеміне келген Кеңшілік Мырзабеков, Жарасқан Әбдрашев,Тынышбай Рақымов, Жұматай
Жақыпбаев, Дәуітәлі Стамбеков сияқты ақындар шоғырында Рахымжан Өтегенов та бар еді.
Нұралы ахун
Осы кезге дейін есімі сиректеу аталып, жұртшылықтың жадынан ұмытылмай келе жатырған дін ғұламасы, халықтың сүйікті ұлы, шаршы топқа түскенінде өзінің айрықша білім дарлығымен өзге түсіп, қаумалаған әлеуметті ерекше таң ғалдырып жүретін қазағымның ардақты ұлдарының бірі Табынбек баласы Нұралыахун. Ерекше бір ілтипатпен айтылатын осы есімді бала күндерімнен есітіп біліп жүрсем де, дерек, мәліметтерім жоқ болғандықтан уақыты мен мерзімін күтіп жүрген болатынмын. Қандай тұлға, қандай ғұлама болса да өмір жолдарының, атқарған қызметтерінің жар қырап көрінетін, пісіп жетілетін мезгілдерінің болатындығы бегілі. Нақтылап айтар болсақ ой дағы қиял, жоспарларымыздың, әдемі ойларымыздың жүзеге асырылатын сәттілік мерзімдері деген қи сын ды ұғымдары болады. Қоғамдық даму заңдылықтары өткен тарихымызды кездейсоқ болса да бәрібір көз алдымызға бір елестетіп, қалың бұқараға, туған халқына жеткізбей қоймайды. Себебі спи раль тәрізді айналып соғып тұратын өмір ағымдарының кейінгі ұрпақтарға ұсынар небір таң ғажайып кереметтерінің көрінер сәттерін, санамызды баурап алатын тұстарын кездей соқтық деп айта алмайтындығымыз тағы бар. Бұл – өмірдің даму заңдылығы.