Patriot-tulga.kz
Нұралы ахун
Тəңірберген Сейітжанұлы Дəрменов, өлкетанушы.
Осы кезге дейін есімі сиректеу аталып, жұртшылықтың жадынан ұмытылмай келе жатырған дін ғұламасы, халықтың сүйікті ұлы, шаршы топқа түскенінде өзінің айрықша білім дарлығымен өзге түсіп, қаумалаған әлеуметті ерекше таң ғалдырып жүретін қазағымның ардақты ұлдарының бірі Табынбек баласы Нұралыахун. Ерекше бір ілтипатпен айтылатын осы есімді бала күндерімнен есітіп біліп жүрсем де, дерек, мәліметтерім жоқ болғандықтан уақыты мен мерзімін күтіп жүрген болатынмын. Қандай тұлға, қандай ғұлама болса да өмір жолдарының, атқарған қызметтерінің жар қырап көрінетін, пісіп жетілетін мезгілдерінің болатындығы бегілі. Нақтылап айтар болсақ ой дағы қиял, жоспарларымыздың, әдемі ойларымыздың жүзеге асырылатын сәттілік мерзімдері деген қи сын ды ұғымдары болады. Қоғамдық даму заңдылықтары өткен тарихымызды кездейсоқ болса да бәрібір көз алдымызға бір елестетіп, қалың бұқараға, туған халқына жеткізбей қоймайды. Себебі спи раль тәрізді айналып соғып тұратын өмір ағымдарының кейінгі ұрпақтарға ұсынар небір таң ғажайып кереметтерінің көрінер сәттерін, санамызды баурап алатын тұстарын кездей соқтық деп айта алмайтындығымыз тағы бар. Бұл – өмірдің даму заңдылығы.
Табынбек баласы Нұралы ахун аталығы жағынан Әйдербектің екінші баласы Алтынбай руынан шыққан тұлға. Соның ішінде Андабайдан тарайтын Белдікені. 1893 жылы Аманөткелдің жанындағы Қарадөң қонысында дүниеге келген. Өткен тарихымыздың қолымыз жеткен парақтарын саралағанымызда, өлкеміздің көрнекті тұлғаларының осы бір көмбе қазына, киелі төбеден шыққан дығына көз жеткізе бастадық. Қарадөң – Айдарбектен тараған ағайындарымыздың көл жағалай орна ласқан берекелі қонысы. Жетес би атамыз дәріптеп тіліне тиек еткен Көлбайы, халықтың ырзық несібесінің сарқылмас көзі болатын. Бұған қосымша аталарымыздың қол самар арқылы су шығарып, еккен егістерінің аңыз дары кешеге дейін сайрап жатқандығын көзімізбен көрген жандардың бірімін деп айта аламын. Әкесі Табынбек пен анасы Үлдеден (Үлде мен Бүлде екі қыз бірге туған) зерек туған Нұралы, Аққұлақ пен Ақжарды мекендеген өздеріне туыс болып келетін Смағұл ахунның меші тінде оқып, мұсылманша сауатын ашқан. Сол кездегі мұсылмандық жүйеге таң қаласың. Айнала сындағы қоныс тарының барлығында да ілім көрген ишандар мен ахун дар. Шеңгелтүбектегі Ақмырза, Қара мойында Ізмағанбет, Мырзаста Рамберді мен Шернияз, Арғынбайда Мұхаммеди. Біз тек 34 шақырымдағы ауылдарды ғана айтып отырмыз. Осындай ғұлама жандардың ағартушылық ықпалдарының болғандығын жоққа шығармасақ та, Смағұл ахунның айрықша қамқорлығын, тәр биесін айтып өтуге тистіміз. Нақтылы жылдары белгісіз болғанымен Бұхар дағы Көкілташ медресесін бітіргендігі анық. Мұндай алыс сапарға шығу да оңай емес. Әкесі Табынбектің ауқатты адам болғандығы жас талаптың өрісінің кеңейуіне жол ашқандығы мәлім. Нұралы ахун жас күнінен естігендерін ұмытпайтын, есте сақтау қабылеті өте мықты, зейінді адам болған екен. Ұстазы Смағұл
ахун ғұламалар бас қосатын үлкен жиындарға Нұралыны қосатын көрінеді. Себебі, тумысынан өте зерек шәкірт, айрықша білімдарлығымен қоса жұртшылықтың назарын талқыланып отырған мәселелерге аудара білетін шешендігімен де баурап алады екен. Аталған жағдайды ұстазы та рапынан айрықша сенім деп бағалауға тура келеді. Ал, екінші шәкірті Нұрғабыл білімдарлығынан бө лек құран аяттарын оқу кезіндегі қырағатымен ерекшеленген.
Сол кездің өзінде ел аузына ерте ілінген Нұралы медреседен кейінгі жылдары туған жері Қарадөңде мешіт ашып, елдің балаларын сауаттандырумен айналысып, ағартушылық қызметін бас тады. Ғұламаларымыздың ағартушылық қызметтерін ерекше бөліп айтатын себебіміз, медресе сол кездің өзінде он екі түрлі ғылым негіздері бойынша білім берген. Көкілташ сияқты айтулы білім ордасын тек қана діни білім береді деп айту, аталарымыздың білім деңгейін, ой-өрісін шектеу, тө мендету болып табылатындығын айтып өткім келеді. Бізге жеткен азғана деректер бойынша Нұралы ахуннан тәрбие мен білім алған азаматтардың есімдері де белгілі. Құлжанов Самат молда, Иманалиев Бөкеш, Смайылов Қожахмет және Қойбағаров Шарапат есімді аталарымыз ахунның шәкірттері болғандығын, Қарақұм ауылдық округі, Абай елді мекенінде тұратын 87 жастағы Иманалиев Боран Қуанышбайұлы ақсақал бізге жеткізді. Ол кісі де Нұралыға жақын туыс болып келеді. Көп жылдардан бері Нұралы ахун туралы мәліметтер іздеп жүргенімде 2021 жылдың 26 ақпаны күні Арал қаласындағы Жетес би көшесі №41 үйде тұратын Әмірбай баласы Мейрамбек ініміздің шаңырағына баруыма тура келді. Мейрамбек Нұралымен бірге туған Имағанбеттің немересі екен. «Осыдан жиырма жылдай бұрын көршілес Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында болғаным бар
еді,”– деп, сөзін бастаған үй егесі. Үлкен бөлменің төрін де отырған жасы үлкен қария, дастарханның
шетінде отырған менен жөн сұрады. Өзімнің Аралдан келгендігімді, руымның Алтынбай екендігін және Нұралы ахунның інісі Имағанбеттің немересі екендігімді баян дап өттім. Сол сәтінде әлгі ақсақал мені дереу төрге шығарып, құрмет көрсетті. “Кезінде мен атаң Нұралының алдынан мектеп көріп, сабақ алған едім”, – деп айрықша ықылас білдірді. Сол жерде отырған және бір үлкен кісі: “менің әкем де Нұралының шәкірті болған еді”, – деп таныстық рәсімін жалғастыра түсті. Сексеуіл кентінде тұратын бір үлкен кісі де жаназа дастарханы үстінде өз әкесінің Нұралыдан оқып шыққандығын шаршы топқа мәлімдеп, Мейрамбекті төрге шығарып, ілтифат көрсеткен. Жастық дәуірдің желігімен төбем көкке жеткендей болып отырып, сол бір қадырменді қариялардың аты жөнін
сұрап, есімде сақтамаппын деген өкнішін білдірді». Осы пікірлерден байқағанымыз, Нұралы ахуннан білім алған адамдар мен аймақтың аудиториясын шамалауға болатын сияқты. Тек әттегенайы осындай құнары мол мәліметтер мен естеліктерге кештеу кезік кендігіміз. Егер сол қалпында сақтап қалар құйма құлақ, қазыналы қарттар болғанында ахун атамыздың рухани, адамгершік және ағар тушылық деңгейлері биіктей түсіп, жарқырап көкте жанған жарық жұлдыздай болатындығы сөзсіз еді.
Аралдың бір шетіндегі Қарадөң мен Сексеуіл және Ырғыздың аралығын салыстырып көріңіз дер құрметті оқырман. «Нұралы атамның Бекмұрат деген досы болған екен”, – деп сөзін жалғастыра түсті Мейрамбек. «Мен Меккеге екі рет бардым. Үшінші рет аман- есен барып келсем, інім Имағанбет пен сенің қарындасың Жансұлуды қосып ақыреттік дос болайық», – деп төс қағыстырып, серт бай ласқан. Екеуі де серттерінде тұрып, құда болған және жастардың бас қосқан мерзімі 1922 жылдары екен. Сол кезде 13 жастағы Жансұлу әжем 1909 жылы дүние есігін ашыпты. Сонымен қатар атамыздың Қара дөңдегі мешітінде алғыр шәкірттерінің бірі болып, сабақ алған. Шалғай түкпірдегі шағын қоныста қыз баланың мешітте оқып, сабақ алуының өзі көп жағдайдан хабар бергендей. Бұл жағдай ахунның дүниеге көзқарастары мен ой-өрісінің кеңдігін хабар береді. Себебі, қазақылықтың
қай мағы бұзылмай тұрған заманда қыз баланы оқыту деген – Нұралы ахунның көзінің ашық, көкірек өзінің барынша ояу және абырой, беделінің зорлығын мойындаудан туындаған ағартушылық, жаңашылдық бағыт екендігін мойындауымызға тура келеді. 1995 жылы 87 жасында өмір ден өт кенше бес уақыт намазын қаза қылмай Нұралы атамның аруағына қызмет жасап, бар білгенін ұрпақтарына, біздерге айтумен болды. Ең үлкен қызметі Нұралы ахунға да қуғын сүргін жылдарының зауалының таяп қалғандығын сезіп, кеңес тік кезеңнің дінсіздері мешітін бұзып жатқан кезінде барлық кітаптарын сол Қара дөңнің қалтарыс бір қуысына көміп жасырғандығы. Қарадөңдегі мешіт орны әлі
күнге дейін сақтаулы. Тек көмілген қазына, кітаптарының орны ғана белгісіз. Тек бір құран кітабын ғана кеудесіне жасырып аман алып қалыпты. Өмір бойы көзінің қарашығындай сақтаған сол құран кітабын өзі өмірден өтер сәтінде ұрпақ тарына аманаттап тапсырды». Көне араб әріптерімен жазылған құран кітап, ислам ілімінің құпияларын бойына бүккен, сарғайған күйінде 1969 жылы өмірге
келген Мейрамбектің үйін де сақтаулы тұр. Басымыз ауырып сәл мазасыздансақ бас жағымызға қойып атамыздың аруағына сыйынып, тілек тілейтін желеп-жебеушіміз деп баян дап өтті. Өзім де білген біссіміламды айтып, тәуба етіп, қолыма алып, парақтап қарай бердім. Сұрапыл жылдардың жанжақтан жетіп жатқан сұмдық хабарлары ая дай Қарадөң мен Аманөткелге де жетіп жатты.
Осындай ер басына күн туған қиынқыстау күндері Бекмұрат досы, «Нұреке,қарақалпақ жеріне Нөкіске барып бой тасалай тұрайық, мен осындай шешімге келіп көшкелі отырмын», – деп мұңын шағады. «Мен құдайдың басыма салар нәубетін осы жерде қарсы алғалы отырмын» деген Нұралы, досына оң сапарын тілеп қала берді. Ал, Бекмұрат болса қарақалпақ асып барғанменен туған жеріне ат ізін қайта салуды тағдыр оған жазбаған екен. Топырақты өлім Бекмұратқа сол жақтан бұйыр ды. Ұрпақтары кейіннен зұлмат жылдардың жаңғырығы басылған соң ғана 1967 жылдары ата-мекендеріне оралып,ағайындарымен және жиендерімен қайта қауышты. Сол Бекмұрат болса, бізге осындай құнды мәлімет терді жайып салып отырған Мейрамбектің түп нағашысы болып келеді. Әжесі Жансұлудың ағасы, руы Ардана аталығынан шыққан. Өзім зерттеген барлық ғұламаларға ортақ бір жағдай бар. Ол мүмкіндіктері бола тұра тура келген нәубетті бар жантәндерімен, ерекше сабырлылықпен қарсы алуы.
Ешбір жанға зияндарын тигізбей Алланың жіберген сынағы деп қасқайып қарсы тұра білулерінде. Сол кездің шолақ белсенділері өздері ұстауға келген адамдарынан
ең бірінші сұрайтыны «құдай бар ма, жоқ па?» деген сауал екен. Өзіне келетін әзірейіл жандардың ниет пиғылдарын біліп отырып, «не деп жауап беремін?» деп қатты қиналған көрінеді ахун атамыз. Ғұмыр бойы құдайға құлшылық жасап, пайғамбарымыздың /с.ғ.с./ өсиеттерін бойтұмарындай құрметтеген ғұлама жанға осы мәселенің өте ауыр тигендігін келіні Жансұлу ұрпақтарына өкінішпен, қинала отырып жеткізген.
Осылайша елде қалған Нұралы Қазалының түрмесіне қамалып, қиынқыстау жылдарының ауыртпалығын өз басынан өткеріп жатты. Түрмеде үш-төрт жылдай азап тартқан Нұралы әбден денсаулығын құртып, титығына жетіп барып босап шықты. Түрмеде болған жылдарында келіні Жансұлу кездескен қиыншылықтарға қарамастан бірнеше рет қайынағасы Нұралыға тамақ тасығанын ұрпақтарына қинала отырып жеткізген екен.
Сол кезде ағайындары мен отбасының Кәрібөгетке қоныстанып отырған мезгілі болатын. Отбасына, қара шаңырағына зорға етіп, ауырып жатқан Нұралы өзін қимай, қыстыға қиналып отырған ағайындарына былай деген өкінішін қалдырады: «Менің кеудемнен жаным шығарда иманымды үйіретін, өлген соң жаназамды шығаратын молдалар да қалмады. Алланың аманаты шыбын жаным о, дүниеге лас, арам күйін де кетіп барады» деген екен. Бірақ Нұралы тәрізді ғұлама жанның алтын сүйегі сол өзі айтқандай күй де кетті деп айта алмаймыз. Себебі, Көкілташ сияқты жоғары оқу орнын бітірген асқан білімді, келешекті болжай да, көре де білетін киелі, құдіретті жанның қиналған сәттерінде жол таппауы мүмкін емес. Ондай жандардың өз иманын өзі үйірмеуі де, Жаратушы иесіне пәк, таза күйінде бармауы көңілімізге еш бір қонар емес. Айтпағымыз, Нұралы ахун Алланың аманатын таза күйінде Жаратушы иесінің құзырына жеткізе білген қасиетті ғұлама жан демекпіз. Оқиға 1933 жылдың ішінде болып өткен. Сонымен қатар інісі Имағанбетке және отбасына «күндердің күнінде сенің әулетіңен көріпкел тәуір адам шығады » деген разылық болжамын да айтып үлгірген көрінеді.
Нұралы ахунның не үшін қуғынға түсіп, қамалғандығы туралы ҰҚКне арнайы сұрау салып ізденген едік. Құзырлы орган өкілдері 2014 жылдан бастап қуғын-сүргінге қатысты құжаттар облыстық полиция департаменттеріне берілгендіктен, сол жақтан сұраңыз деген жауабын жолдапты.
Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ғ.Сүлейменовтың қолы қойылған хатын да Табынбеков Нұралыға қатысты мәліметтердің сақтауға түспегендігін ха барлайды. 1938 жылдың 4 сәуіріне дейін Арал аймағы Ақтөбе облысының құрамында болғандықтан сол жаққа да хат жолдап, сұрау салғанымызбен нәтиже болмады. 2001 жылға дейін бірнеше адамдардың құжаттарын сұрау салып, алдырған едім. Төрт адамның ақтау құжаттарын, ресми анық тамаларын да алғанмын. Алайда 2001 жылдан кейінгі сұрау салған жерлестеріміздің мәліметтері жоқ деген жалаң жауаптар алумен келемін. Осыған байланысты мені неге “жоқ” деген сұрақтар мазалай ды. Егер бір ғана адамға байланысты болса мен күмәнданбас едім. Күмәнімді көпшілік талқысына салуды мақұл көремін. Туыстары болса қамалу себебін діни көзқарастары мен қажылық парызымен байланыстырады.
Нұралының атасы Боранбай мен бірге туған Жаулыбайдың немересі Кеулімжайұлы Елеу өте
зерек жан болыпты. Осы оқиға, көріністің бел ортасында болған кезде 8 жастағы бала атасының өкінішін Имағанбеттің ұрпақтарына жеткізе алған, бата дарыған азамат болып өсті. 1925 жылы дүниеге келіп, облыстық сауда мекемелерінде бір қатар қызметтер атқарыпты. Кейінгі жыл дарындағы құжаттарын рәсімдеу кезінде, үлкендері бір жасқа шегеріп 1926 жылы туған деп жаздырған екен. Соғысқа дейінгі жылдары “халық жауы ұрпақтарының шаңырағы” деп Имағанбеттің отбасы мүшелерін де НКВД тарапынан қайта-қайта тексеріп, өте қатты азар беріпті. Кезекті бір тек серісте үй ішінің астаң кестеңін шығарып ойрандау кезінде 13-14 жасқа келген Елеу күйінгендіктен ошақтың бетіне орнатылған плитаның ортаңғы үлкендеу сақинасын лақтырып жібергенінде белсендінің мойнына кигізіліп қалған көрінеді. Баланың әрекеті де жауапсыз қалмаса керек. Көз алдында болып жатқан көрініске шыдамай, барынша азарланған ана жүрегі Имағанбеттің әйелі Жансұлу анамыз аруақтың атын атап тұрып қарғысын жаудырып қала берген. Көп ұзамай белсендінің бірі поездың астына түсіп ажал құшқаны белгілі болды. Ұмытпасам сол кісінің есімі Жолды болуы керек деп сөзін аяқтады Мейрамбек.
1969 жылы әкем Әмірбай Кәрібөгетке барып атасы Нұралының бейітін тұрғызып, құлпытас белгі орнатып, садақа берді. Өзі 1933 жылы дүниеге келген болатын. «Осыдан кейін мойынымнан үлкен жүк түскендей болды. Мағираш, Мәрзия, Ботагөз және Мейрамкүл есімді төрт қызымнан кейін, 1967 жылы дүниеге келген ағаң Асқарым бар. Нұралы атама аруаққа жасаған міндетті сауабымнан кейін сол жылы дүниеге келген сені маған құдайдың өзі берген ғой» деген әкем қалған өмірін тәубелікке арнап ғұмыр кешті. Әке үмітін ақтаған Мейрамбек әжесі Жансұлудан естіген құндылық тарын сақтай білумен қатар кейінгі ұрпақтарға аманаттай білді. Аманатқа қиянат жасамай Нұралы ахун туралы жинақталған ғибратты біз де жарыққа шығаруды жөн көрдік.
Мен ұзақ уақыттар бойына қаншама үлкендермен сөйлесіп, ешкімнен, еш жерден таппаған азда болса нақтылы деректерді осы бір байсалды да, байыпты ініміз ден тапқандығымды айтып өткім келеді. 1980 жылдары Жансұлу әжемнің күнделікті нан жауып жүретін қара қазаны аяқ астынан жоқ болып кеткені бар. Қазақ үшін қасиет, құтсаналатын қара қазанын іздеп, шарқ ұрған әжем шырылдады да қалды. 3-4 күн өткеннен кейін Нұралы атам түсінде аян беріп былай депті: «Келін, сен “қазаным-қазаным” деп қоймадың ғой. Үйден шыққаннан кейін оңға қарай бұрыл. Үш-төрт үйден кейін көшенің қарсы бетіндегі үйде қазаның тұр», – депті. Қайын ағасының аяны бойынша сілтеген үйінің сарайынан қазаны табылғанында ерекше қуанған әжем ата аруағына сыйынып жүруді бұдан кейін бұрынғыдан да ыждағатпен жасайтын болды деп еске алды немересі Мейрамбек.
Нұралы атамыз үш ағайынды болып келеді. Інісі Имағанбет 1896 жылы дүниеге келіп, 1941 жылы соғысқа аттанып екінші дүние жүзілік соғыс майдандарының бел ортасында болған. 1943 жылы соғыста қаза болғандығы туралы келген қаралы қағаз әулетке үлкен ауыртпалық болыпты. Кіші інісі Нысанәлі жастай ертерек қайтыс болып, ұрпақ тарамаған. Төніп келе жатқан зобалаң жылдарының әсерінен де болар және бірге туған бауырынан ұрпақ қалмағандықтан Нұралы бауыр еті баласын, тұңғышы Әмитін інісі Нысанәлінің атына жаздырыпты. Осындай себептерге бай ланысты Әмиттің Нысанәлиев болып жазылып кеткендігін ұрпақтары толық мойындап отырғанды ғын ашып көрсеткім келеді.
Нұралы ахун Бұхардағы оқу оқып, білім алу кезінде-ақ отбасын құрған тәрізді. 1923 жылы өмірге келген Әмит әлемді жайлаған жаһандық соғыста хабарсыз кетіп, оралмады. Осылайша ахунның бел баласынан ұрпақ жоқ. Қызы Ақтөре 1927 жылы дүниеге келіп, 1989 жылы өмірден өтті. Ақтөре анамыз ұзын бойлы, аққұба келген, өте ажарлы адам екен. Ол кісінің түріне бір қарағаннан- ақ өзге ұлт өкілдеріне тән белгілерді кез келген адам байқайтындай өзгешелік көзге шалынатын. Ақтөренің балаларына қалдырған естелігінде анасының есімінің Нұрыш, иран ұлтының қызы екен дігін ұғындырып кетті. Әрине, азан шақырып қойылған есімін, елге келген де қазақшаға өзгерткендігі мәлім. Ақтөренің бейіті Маңғыстаудың Шетпе ауданындағы Қамысбай әулие қорымында.
Шөмекей аталығына келін болып түскен. Күйеуі Кенжебаев Пазыл екеуі бес ұл, бір қыз тәрбиелеп, барлығын да аяқтандырды. Ұлдары Бақыт, Мұрат, Әміржан, Әмірхан және Амандық. Қызының есімі Гүлнәр. Бәрі де Нұралы ахунның туған жиендері. 2013 жылы жиені Әміржан Ақтау қаласынан арнайы келіп, өздеріне нағашы жұрт болып келетін Аманөткелдік Есіркепов Молдахмет арқылы Кәрібөгеттің баурайындағы Нұралы ахунның бейітін тауып, дұға бағыштап, тәубе етіп қайтты. Бүгіндері өсіп-өнген әулеттің бір-бір шаңырағы болып отырған жиендерін Нұралы ахунның аруағы да қолдап, демеп жатқан шығар. Жиендерінің де мақсаты сол емес пе. Бабаның өмір жол дарын іздеп, рухын көтеріп, өткенімізге тағзым ету мақсатында, мен алғаш рет Әміржанды тауып, ха барласқанмын. Аруақтың қолдауы болар, осыдан кейін іздеген жоғым табылып, бір серпіліп қалғандай болдым. Осыдан басталған сәттілік бастауы қағаз бетіне тарих болып төгіле берді. Сөзімді Ә.Кекілбаевтай ғұламаның, «өткендерін ескерген – өскендіктің белгісі, өткендерін ұмытқан – өш кендіктің белгісі» деген ғибратымен аяқтағанды жөн көрдім. Құдайым баршамыз ға да өсіп-өнуді нәсіп еткей.
Арал қаласы
Қызылорда облысы.
Редакция ұжымы осы
материалдың жарық көруіне
атсалысқан мәдениет майталманы,
Қазақ мәдениетінің қайраткері Ғабит СЕМБИЕВКЕ алғыс білдіреді.