top of page

Бас редактор туралы қысқаша деректер

Мақсат Қырғызбайұлы Қаңтарбаев

Қазақстанның Құрметті жазушысы Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев) Қазақстан Жазушылар одағы деректі проза кеңесінің төрағасы. Одаққа жаңа мүшелер қабылдау жөніндегі комиссияның мүшесі. Үш көркем-әдеби, 20-ға жуық публицистикалық кітаптардың авторы. Қазақстан Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі, профессор. Қазір Patriot Tulga журналының Бас редакторы.
Марат Байділдәұлы (Тоқашбаев) 1949 жылы 18 мамырда туған. Алматы облысының бұрынғы Шелек ауданында өсіп, сонда орта мектепті бітірген.
Журналистік еңбек жолын 1969 жылы Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бастаған.
1982-1990 жылдары жастарға арналған ғылыми-көпшілік «Білім және еңбек» журналында шыңдады. Қазақстан Жазушылар одағының жанынан құрылған Шона Смаханұлы бастаған Мектеп кеңесінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары ретінде Алматыда және республикада ондаған қазақ мектептерінің ашылуына атсалысты.
Одан кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің органы 1990 жылы ашылған – «Халық Кеңесі» газетінде жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. Біріккен Ұлттар Ұйымының елдің демократиялық жаңғыруына жол ашатын «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясының» қазақ тілінде жариялануына ықпал етті.

1989-1990 жылдары Сәбетқазы Ақатаевпен бірге «Азат» азаматтық қозғалысын құруға атсалысты. Қазақстан тәуелсіздігі жолында ондаған мақалалар, сараптамалар жазды.
1994-1997 жылдары республикалық «Заң газетін» құрып, оның алғашқы бас редакторы болды. 1995 жылы Ата заңымыздың жаңа нұсқасының қазақ тіліне аударылуына, елімізде заң терминдерінің қалыптасуына атсалысты.
1997 -2002 жылдары Қазақ теледидарының Бас директоры болды. Ғасыр мен ғасыр, мыңжылдық пен мыңжылдықтар тоғысқан тұста көптеген жаңа жобалардың дүниеге келуіне мұрындық болды. Ел кіндігінің Ақмолаға ауысуы шараларына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етті. «Қазақстан» телеарнасы сигналдарының алғаш рет Ақмоладан шығуын ұйымдастырысты.
2002-2005 жылдары халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газетінің басшысы ретінде Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асырды. «DA» «Мөлдір бұлақ» сияқты жаңа басылымдардың шығарушысы болды.
2005 жылдан 2020 жылға дейін республикалық «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы қызметін атқарды.
Марат Байділдәұлы Ақорда, Елорда, Әнұран, Елтаңба сияқты атауларды алғашқы болып қолданысқа енгізді. Кәдесый (сувенир), тосынсый (сюрприз), оқтұмсызқ (боеголовка), нөпір шақ (час пик), доғарыс (отставка) және тағы басқа ондаған қазақша терминдердің авторы.
Үш рет Қазақстан Журналистр одағы сыйлығының лауреаты атанды. «Алтын Жұлдыз» сыйлығының, халықаралық Ж.Жабаев атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақстанның білім беру саласының құрметті қызметкері. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. Алматы облысының, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы.
Отбасылы. Төрт қыз, бір ұлы бар. Жұбайы Раушан Каршалова журналист. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ақпарат саласының үздігі.

bottom of page