top of page

Тума талант

Осыдан оншақты жыл бұрын досым көрнекті қоғам қайраткері Хайрулла Ғабжәлелов баласын үйлендіріп «Анкара» отелінің мейрамханасында той жасады. Жиналған өңкей ығай мен сығай. Осы той үстінде асаба болған ұзын бойлы, сыптығыр, толқынды бұйра шашты жігіт назарымды қайта-қайта аудара берді. Лебізінде көтеріңкі леп те бар, қазақи айшықты сөздерді орнымен қолданып, нұрын жүректерге жеткізіп тұр. Бірде «О, аспан, төсіңе күн көтерілсе бауырыңнан жұлдыз қашқан, адамның өмірі солай шығар, бірде тасқан, бірде тосқан. Ал күн кетсе бауырына жұлдыз шашқан», – деп пәлсафалық ой тастаса, бірде «Оңтүстіктің өтірігі де қабыл болар, өйткені өтірік айтса да құдай қаласа деп айтады» деп жұртты әзіл-күлкіге қарық қылып қояды. Тіркестері тосын, қанатты сөздерге сұранып-ақ тұр: «Саумал сүттей қыздарың түскен жеріне қаймақ болсын», «Екі құдай қосқан құданы арамза туған бала айырады». Талай асабаларды көріп жүрміз ғой, мына жігіт алабөтен.

Сарқытбай Қалиұлы

Менің жолым – халық күйшілерінің жолы!

Әдетте әуесқой күйшіліктің кәсіби деңгейге көтерілуі өте қиын. Күй құдіреті Құрманғазыны, Дәулеткерейді, Тәттімбетті, Динаны, Сүгірді және тағы басқа сом алтындай өнер тұлғаларын кезінде халық арасына танытқан олардың асқан дарыны, орындаушылық құдіреті, күйді әңгімемен өрбітіп отыратын шеберлігі болса керек. Біз сұқбатқа тартып отырған Сарқытбай Қалиұлы да осындай халық арасынан шыққан өнер тұлғаларының бірі.

Сарқытбай Қалиұлы

ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕШЕНІ

bottom of page