Patriot-tulga.kz
ЕР - ЕЛ ҚОРҒАНЫ
Қазақтың тұңғыш генералы
Қазақтың тілі өте бай. Бір ауыз сөздің өзі көп жағдайда әртүрлі мағыналар білдіреді және мазмұнына қарай әртүрлі айтылады да. Сондай сөздің бірі «тұңғыш» деген сөз. Жалпы бұл сөздің мағынасы қарапайым тілде «алғашқы» деген ұғымды білдірсе керек.
Міне, сондай «Тұңғыштың» бірі жәйлі сөз етпекпіз. Әңгіме – ұлтымыздан шыққан Кеңестер одағының генералы Шәкір Жексенбаев жәйлі болмақ. Ол бұл атақты отан соғысында, қып-қызыл от пен су кешіп жүріп, 1943 жылдың қазан айында алған.
100-ші қазақтың ұлттық атқыштар бригадасының комиссары
Өз халқының тағдырына ажырамас жарқын да күрделі өмір кешкен азамат еді ол. Жаңа, таптаурын болмаған соқпақпен биікке өрлеген ұрпақтың өкілі десек те артық емес. Сол жылдарда бәрі де: үлкен жеңістердің қуанышы, қателіктер мен сәтсіздіктердің өкініші де болды. Соған қарамастан Сақтаған Бәйішев секілді қайраткер үшін айнымас мақсат — халқына, еліне қызмет ету болып қала берді.
Ұшқыш Кубаис Алдияровтың ерлігі
Қыран аңсары – күн астындағы шексіз де шетсіз кеңістік. Қыран самғауы зеңгір көктің төрінде. Қыранның биікті көксемейтін күні жоқ.
Қазақ халқы ежелден көк жүзінде самғауды аңсаған… Көк аспанның құдіретін түсінген. Көк аспанда қалықтаған қыранды қолға үйретіп, саятшылық құрған. Екінші жаһан соғысына қазақтан шыққан 84 ұшқыш қатысқан екен. Бұл зерттеуші Жұмабай Доспанов тапқан мәліметтері бойынша. Соғыс біткелі 75 жыл өтті, ал соғыс шындығы әлі де толық жазылмай келеді. Солардың бірі – Талғат Бигелдиновтың шәкірті, өз еркімен соғысқа аттанған Кубаис (Құбайыс) Алдияров.
Бізге кәсіби әскер керек!
Еліміздегі әскерилердің ішіндегі ең әйдік тұлғалардың бірі, отандық әскер саласындағы алғашқы ғалым, полковник, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Ким Серікбаев сексеннің сеңгірінен асса да сергек, қимылы ширақ, ойы тұнық, сөзі нық. Зейнетте болса да талмай еңбектеніп келеді. 2007 жылдан Алматы қаласы Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде. Түрлі оқу ордаларының шақыруымен жастармен жүздесіп, көрген-білген, өмірден түйген мол білім, тәжірибесімен жиі бөлісіп, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосуда.
100-ші бригаданың жұрнағы көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтан Жиенбаев
Ардагерлер — күні кешегі елдің ардағы, ердің саңлағы саналған абзал азаматтар. Көпшілігі тау тартып, саптан шықса да санаттан қалмай, жақсылықтың жаршысы, жас ұрпақтың ақылшысы боп арамызда жайнаған туы жығылмай, әлі де алшаң басып жүр. Бұл буынның тағдыр — талайына бұйырғаны аз болған жоқ. Олар кеңестендіру кезеңінің ұрдажық әпербақандығын, ауылшаруашылығын ұжымдастырудың аша тұяқ қалдырмаған асыра сілтеуін, халқымыздың үштен бірін жалмап кеткен ашаршылық нәубетін, сүт бетіне шығар зиялылардың бәрін су түбіне жіберген 37-нің зұлматын көзбен көрді.
Қаһармандық траекториясы
Жуырда даңқты қазақ ұшқышы, екі мәрте Совет Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 90 жасқа толды. Осы орайда журнал оқырмандарына жазушы Марат Тоқашбаевтың қазақтың батыр ұлы жайлы очеркі ықшамдалып ұсынылып отыр. Очеркте ардагер аға өмірінің майдандағы бір сәті бейнеленеді.