Patriot-tulga.kz
Бұлтты бизнес шешімдері басқару құралы ретінде
Нұрқатов Арнұр Арыстанұлы – экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР «Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы» ҚБ (ХАА) академигі, «Aspandau» ғылыми-білім беру қорының Президенті, «Enactus Kazakhstan» директорлар Кеңесінің мүшесі, «KTCloudLab» ЖШС Бас директоры.
Нұрқатов Арнұр Арыстанұлы өзінің қажырлы еңбегінің арқасында 2011 жылы ҚР Президентінің
Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл медалі» марапатына ұсынылды, сондай-ақ, 2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ мерейтойлық медалімен, 2021 жылы ХАА Төралқасының шешімімен Академияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы» ҚБ алтын мерейтойлық медалімен марапатталды.
2013 жылы “Құрметті байланысшы” атағына ие болды және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ЦДИАӨМ) «Үздік байланысшы» төсбелгісін алды, сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның және «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің алғыс хаттарына ие болды, Enactus Kazakhstan халықаралық бағдарламасын дамытуға қосқан үлесі және студенттік кәсіпкерлікті жан-жақты қолдағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Арнұр Арыстанұлы 1967 жылы 20 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1984 жылы №16 Алматы орта мектебін тәмәмдады.
Арнұр Арыстанұлы – жоғары экономикалық білімі бар маман, экономика ғылымдарының кандидаты. 1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша аяқтады, 2004 жылы Мәскеу кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институтын «АССА»
(The association of Chartered Certified Accountants) курсы бағдарламасы бойынша бітірген. 2009 жылы Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын іскерлік әкімшілендіру шебері, МВА
– қаржы бағдарламасы бойынша бітірді. 2014 жылы Стокгольм Экономика Мектебінде іскерлік әкімшілік магистрі ғылыми дәрежесін алды. 2021 жылы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіптік университетінің магистратурасында «IT-менеджмент» мамандандығы бойынша оқыды. IT Менеджмент магистрі ғылыми дәрежесін алды. 2019 жылы Санкт-Петербург қаласында Ресей Ғылым академиясында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
Арнұр Арыстанұлы 1990 жылдан 2000 жылға дейін «Аспап» ғылыми-техникалық бірлестігінде, Алматы үй құрылысы комбинатында, сондай-ақ басқа да жеке және мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасады. 2000-2006 жылдары «Қазақтелеком» АҚ қаржы департаментінің бас қазынашысы-директоры болды. 2006 жылдан 2015 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ-ның Бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі болды.
«Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс барысында ірі жобалар іске асырылды:
– M&A бойынша ірі мәмілелер және жалпы сомасы $1 млрд астам активтерді сату;
– SAP АЖ-де қаржылық есеп, шоғырландыру және бюджеттік жоспарлаудың автоматтандырылған
жүйелерін енгізу (FI, CO, MM, PM, PS, HR-PA, BW, IM, RE, BW-BCS, BW-BPS модульдері);
– SAS АЖ-де АВС әдіснамасы негізінде автоматтандырылған бас-қару (бөлек) есепке алу жүйесін енгізу;
– қаржылық және басқарушылық есептілікті қалыптастыру процестерін, сондай-ақ ішкі бақылау процестерін автоматтандыру;
– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» холдингі шеңберінде басқарушылық есептілік жүйесін ен-гізу және автоматтандыру;
– SAP GRC негізінде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және автоматтандыру;
– филиалдардың бас директорлары мен қызметкерлері үшін ынталандырудың тиімді жүйесін енгізу.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бұлттық ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі
компаниялардың бірі «KT Cloud Lab» ЖШС Бас директоры болып табылады.
Арнұр Арыстанұлы «Ресурс Труд Актив» кітабының авторы. Белгілі қазақстандық ғалым филолог Айқын Нұрқатовтың шығармашылығының баспагері және танымал етушісі. 2010 жылдан 2014 жылға дейін «Книголюб» журналының баспагері болды.
Оның қызығушылықтары: сандық трансформация, сандық платформалар, заттар интернеті, big data, blockchain экономикалық жүйе және шаруашылық механизм, экономикалық циклдар мен дағдарыстар, бұлттық бизнес шешімдер басқару құралы ретінде, әсер экономикасы. Сондай-ақ Арнұр Арыстанұлы «The New York Film Academy» академиясында шебер сценарист курсын сәтті аяқтап, әдеби шеберлік курсын тәмәмдады.