top of page
Жобалар арқылы дамыту

Жобалар арқылы дамыту

Цеховой Алексей Филиппович – техника ғылымдарының докторы, Satbayev University Бизнес және менеджмент кафедрасының профессоры, PMI мүшесі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) Бірінші Вице-президенті және Бас директоры, Қазақстан Республикасы жобалық менеджерлер одағының Президенті.
Геотехникалық жүйелендіруді жетілдірудің көрнекті маманы Цеховой Алексей Филиппович
1941 жылы 28 тамызда Ақмола қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық түрде игеру» мамандығы бойынша бітірді.
1969 жылы «Асбест кендерін ор­ташалау жағдайында тиеу-көлік жұ­мыстарының оңтайлы
режимі» та­қырыбында кандидаттық диссер­тация қорғады.
1992 жылы Мәскеу тау-кен инсти­тутында «Асбест карьерлерінің кен ағынын басқару
технологиясы» тақырыбында докторлық диссер­тация қорғады. 1996 жылы профес­сор ғылыми
атағы берілді.
А.Ф. Цеховойдың ғылыми қызметі геотехнологиялық жүйелерді имитациялық моделдеу
теориясының дамуымен, оның базасында отандық ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық
кешендердің құрылуымен байланысты. Ғылымның осы бағыты бойынша оның моногра­фиясы,
отандық және шетелдік басы­лымдарда 200-ден астам ғылы­ми жарияланымдары жарық көрді.
ҒТДБМ-нан қаржыландырылатын КСРО Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрлігінің
бағдарламалары және осы саладағы тау-кен байыту кәсіпорындарының тап­­­сырыстары бойынша
оның ғылыми жетекшілігімен басқарудың авто-мат­тандырылған жүйелері құрылды: «АВТО» ТП
БАЖ, «ГОРА» ТП БАЖ, «ВСКРЫША» ТП БАЖ, «СКЛАД» ТП БАЖ және «ВКЛ» мен «ПРОГНОЗ»
бағдарламалық кешендері (1979-1991 жж.). Әзірлемелер авторлық куәліктермен расталады.
2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін А.Ф. Цеховой «Көмірсутекті және тау-кен металлургия
сектор­ла­рына және олармен байла­ныс­ты сервистік салаларға арнал­ған технология»
мемлекеттік са­­­­ла­­лық Бағдарламасының құра-мын­­­да «Көпфункционалды зият-кер­­­лендірілген ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, жобалық ме­­неджмент стандарттары негізінде кен орындарын ашық әзірлеу кезінде геотехнологиялық кешендерді оңтайлы жоспарлау мен басқарудың жаңа әдістерін әзірлеу» бөлімін бас­қарды.
Қазіргі уақытта «Жер қойнауын пайдалану міндеттеріндегі жасанды интеллект модельдері мен
жүйелері» бағыты бойынша іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі және ғылыми
жетекшісі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде ҚР БҒМ-не «Кен түзудің табиғи тетіктерін
имитациялық геомодельдеу негізінде гидротермалдық кен объектілерін қалыптастыру шарттары
мен оқшаулау заңдылықтарын анықтау» тақырыбы бойынша гранттық қаржыландыруға (2013-
2015 жж.) өтінім берілді.
2003 жылдан бастап А. Ф. Цеховой жер қойнауын пайдалануда жобалық басқару әдістемесін
әзірлеумен байланысты Қазақстанда жаңа ғы­лыми бағытты қалыптастырды жә­не басқарды. Осы
ғылыми бағыт бой­ынша оның жетекшілігімен 14 ма­гис­трлік диссертация қорғалды және 2
докторлық (PhD) диссертация қорғауға дайындалды. Жер қойнауын пайдалану саласындағы
ма­мандарды инженерлік даярлау са­пасын арттыруға бағытталған зерт­теулер орындалуда.
«Әдіс-на­маны ғылыми негіздеу және қоғамды әлеуметтік жаңғырту жағдайында ғылыми және
білім беру құрылымдарын кәсіби бизнес-орта­мен интеграциялау тетіктерін әзір­леу» тақырыбы
бойынша ҚР БҒМ-не гранттық қаржыландыруға (2013-2015 жж.) өтінім берілді.
А.Ф. Цеховой «Электрондық үкімет» және «Ақпараттық теңсіздікті тө­мендету» мемлекеттік
бағдарламаларының іске асырылу барысын бағалау бойынша бірнеше рет сарап­тамалық
жұмыстарды жүзеге асыр­ды. БҰҰ-ның АКТ саласындағы бағдарламасы бойынша бірқатар
жобаларды басқарды. Оның бас-шылығымен ҚР ММА тапсырысы бойынша Мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу бары-сының интернет-мониторинг жүйесі әзірленді (2006 –
2011 жж.).
1995-1996 жылдары А.Ф. Цеховойдың тікелей қатысуымен ҚР МАК-нда диссертацияларды баға-лау және сараптау үшін нормативтік құжаттама әзірленіп, жаңа ақпараттық технологиялар
енгізілді. 2008 жылы А.Ф. Цеховойдың бастамасы бойынша ҚР Мемлекеттік мамандықтар
жіктеуішіне магистрлер (6М051800) мен PhD доктор­ларды (6D051800) дайындау үшін
«Жобаларды басқару» жаңа мамандығы енгізілді. Оның жетекшілігімен жобаларды басқару бойынша МЖМБС, сондай-ақ осы ма­мандық бойынша магистратура мен докторантураның ТОЖ және
ОЖЖ әзірленді.
1999 жылдан бастап А.Ф. Цеховой «Халықаралық ақпарат­тандыру академиясы» ҚБ (ХАА),
«Орталық Азия тау-кен өнер­кәсіп­­тік одағы» ҚБ (ОАГЖ) және «Қазақстан Республикасының
Жо­ба­лық ме­неджерлер одағы» ЗТБ (ҚР ЖМО) құруға бастамашылық жа­са­ды. ОАГЖ желісі
бойынша «Қазақстандағы тау-кен ісі. Жағдайы және болашағы» (Алматы қ., 2000, 2006, 2012 жж.),
«Қазақстан – Ресей – қатты пайдалы қазбалар кен орын­дарын жобалау және әзірлеу процестерін
нормативтік-әдістемелік базаны құру, геоақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету мәселе­лері»
Халықаралық дөңгелек үстелі (Мәскеу қ., 2009 ж.) өткізілді. ХАА желісі бойынша «Қазақстандағы
ақ­­­па­раттандыру. Жағдайы, пробле­­малары және даму жолдары» та­­­қырыбында халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференциялары өт­­­кі­зілді (2005, 2009, 2011, 2012 жж.).
Академия БҰҰДБ және Microsoft корпорациясымен бірлесіп, ақ­параттық теңсіздікті төмендетуге
ба­ғытталған жобаны іске асырды, оның шеңберінде Қазақстанның 6 өңі­рінде 15000-нан астам
адам ком­­пьютерлік сауаттылыққа тегін оқы­тылды.
ҚР ЖМО желісі бойынша «Орталық Азиядағы Жобаларды басқару» атты екі халықаралық
форум ұйымдастырылды (2009, 2012 жж.). Жобалық менеджмент саласында экономиканың түрлі
салаларындағы топ-менеджерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру жүйесі құрылды. ҚР ЖМО
халықаралық жобаларды бас­қару институтында (PMI, АҚШ) аккредиттелген.
А.Ф. Цеховой 1974-1984 жж. – ин­женерлік-құрылыс жалпы тех­ни­калық факультетінің деканы,
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ СҒЗЖ Кеңесінің ғылыми жетекшісі.
1984–1995 жж. – ғылыми жұмыстар жөніндегі проректордың орын­басары, ҒЗЖ жетекшісі, Қ.И.
Сәт­баев атындағы ҚазҰТЗУ Жаңа ақпараттық технологиялар Орталығының директоры.
1995 – 1997 жж. – ҚР Мемлекеттік аттестациялық комитетінің бірінші орынбасары.
1997 – 2013 жж. – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ «Технологиялық про­цестерді
компьютерлендіру және жобаларды басқару» кафедрасының меңгерушісі.
2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Жобаларды басқару
Институты жа­­нындағы Жобаларды басқару ғы­лы­ми-білім беру Орталығының про­фессоры.
1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Халықаралық Ақпараттандыру Ака­демиясы» (ХАА,
Алматы қ.) қоғам­дық бірлестігінің бірінші вице-президенті және бас директоры.
2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан Республикасы жоба менеджерлерінің одағы»
ЗТБ Президенті.
2001-2005 жж. – “Нұр Отан” партиясы Саяси кеңесінің мүшесі.
2001-2005 жж. – Беларусь Рес­публикасының Қазақстандағы Құрметті елшісі.
2003-2013 жж. – ҚР Үкіметі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі Үйлестіру
кеңесінің мүшесі.
2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан халықтары Ассам-блеясының мүшесі.
2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Нұр Отан» партиясы Орталық бақылау-тексеру
комиссиясының мүшесі.
2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін – ҚР Инвестициялар және даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің №54 «Менеджмент жүйелері» стан­дарттау жөніндегі техникалық
ко­митетінің мүшесі.
2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін – ҚР Инвестициялар және даму Ми­нистрлігінің метрология
және техникалық реттеу Комитеті жанындағы сапа жөніндегі Кеңестің мүшесі.
2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «PM World» интернет-журналының халықаралық кеңесшісі
(http://pmworldjournal.net/team/global-advisors-pm-profession/).
КСРО наградаларымен қатар А.Ф. Цеховой ҚР БҒМ «Білім берудің үздік қызметкері» белгісімен
(2001 ж.) және ҚР медальдарымен марапатталды:
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалі - № 06797;
Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі
үлесі үшін «10 жыл Астана» медалі - №30146 (2007 ж.);
«Қазақстан Республикасының ғы­лымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі - № 806.;
«Қазақстан конституциясына – 10 жыл» (2005 ж.);
«Қазақстан Республикасының тәуел­сіздігіне – 10 жыл;
«Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.);
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ «Айрықша еңбегі үшін» медалі;
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Қазақ ұлттық аграрлық университетіне – 85 жыл»
мерейтойлық “Алтын медалімен” (2015 ж.);
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 ж.);
«Қазақстан халқы Ассамблея­сына – 25 жыл» мерейтойлық ма­рапаты.
«Алтын Адам» Халықаралық кон­­­курсының нәтижесі бойынша «Ғылым қайраткері» номинациясын­да жеңімпаз болып танылды (2007 ж.), «Алтын Гефест» ұлттық са­ла­лық конкурсында «Жыл
маманы – Ғалым – Педагог» номинациясында жеңімпаз (2011 ж.).

«III дәрежелі Горняцк даңқы» (2013 ж.) және «II дәрежелі Горняцк даңқы» (2014 ж.)
төсбелгілеріне, «Аг­рарлық білім беруді, ғылымды және өндірісті дамытуға қосқан үлесі үшін» Қазақ
ұлттық аграрлық уни­вер­ситетінің төсбелгісіне (2015 ж.), «Қазақ Ұлттық университетіне – 90 жыл»
төсбелгісіне (2020 ж.) ие.
Жұбайы – Цеховая Тамара Ивановна, ұлы – Цеховой Петр Алексеевич, немерелері – Алексей, 19 жаста, Андрей, 15 жаста.

bottom of page