Patriot-tulga.kz
Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін
Бабашева Мәнсия Нұрғалиқызы – «Құрмет» орденінің иегері, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы, Солтүстік Трува және Кенбай кен орындарын алғаш ашушы, Атырау қаласының Құрметті азаматшасы, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің құрметті профессоры, ҚР ОИК мүшесі, ҚР ҚӨК сарапшысы, Техника ғылымдарының кандидаты, ХАА Академигі, «Құрмет» орденінің иегері; «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісінің иегері.
Мәнсия Нұрғалиқызы Бабашева 1952 жылы 14 ақпанда Атырау (Гурьев) облысы Ембі ауданы
Қосшағыл кентінде дүниеге келген.
1976 жылы Грозный мұнай институтын инженер-геолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек
жолын «Қазмұнайгазбарлау» бірлестігі жанындағы қорларды есептеу партиясында инженер болып
бастады, кейін аға инженер болды. Партиядағы жалпы жұмыс өтілі – 10 жыл.
1986 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық-барлау институтына мұнай қорын есептеу
зертханасының меңгерушісі болып шақырылды. Кейінгі жылдары мұнай кәсіпшілігі бөлімінің
меңгерушісі болды. 14 жыл ішінде М.Н. Бабашева жетекшілік еткен зертханалық зерттеулермен
бірге көмірсутектер қорын есептеу бағыты мұнай саласында жетекші орынға ие болды.
2000 жылы «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ-на жұмысқа шақырылды, онда жаңа ашылған бағыт
бойынша мұнай кәсіпшілігі геологиясы департаменті директоры қызметіне тағайындалды.
Мәнсия Нұрғалиқызының ұйымдастырушылық және кәсіби қасиеттері 6 жыл ішінде 10 адамнан
тұратын “мұнай және газ қорларын есептеу” кіші бағытына 2006 жылы «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС
жеке компания ретінде тіркелген үлкен институтқа дейін өсуге мүмкіндік берді, онда ол геология
және игеру бойынша Бас директордың орын-басары болды.
2003 жылы Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты жаңа ірі кен орындарын ашуға қосқан жеке
үлесі үшін «ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы» медалімен және дипломымен
марапатталды.
2006-2016 жылдар аралығында М.Н. Бабашева «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС Бас директоры
лауазымын атқарды.
2007 жылы «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша
техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитетінің шешімімен М.Н. Бабашеваға техника ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесі берілді.
Үздік жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2011 жылы
«Құрмет» орденімен марапатталды.
Мәнсия Нұрғалиқызының қызметтік тізімінде келесі марапаттар да бар: «Қазақстан
Республикасының Жер қойнауының құрметті барлаушысы» және «Қазақстанның еңбек сіңірген
мұнайшысы» атағы мен төсбелгісі.
Сондай-ақ, 2011 жылы ол экономика және бизнес саласындағы халықаралық Сократтық
сыйлықтың (Laureate of «International Socrates Prize») лауреаты атағын, Еуропалық Бизнес-
Ассамблеяның (Оксфорд қ., Ұлыбритания) «Жылдың үздік топ-менеджері» атағының иегері
атанды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «KAZENERGY»
Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары Қауымдастығының медалімен
марапатталды.
1996 жылы Кенбай газ-мұнай кен орнын ашқаны үшін «Қазақстан Республикасының Кенбай газ-
мұнай кен орнын алғаш ашушы» дипломымен және марапат белгісімен және 2015 жылы Солтүстік
Трува газ-мұнай кен орнын ашқаны үшін марапатталған.
2014 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті
төсбелгісі берілді.
2017 жылы М.Н. Бабашеваға «Атырау қаласының Құрметті азаматы» марапаты салтанатты
түрде табыс етілді.
Кейінгі жылдары мұнай компанияларында мерейтойлық даталарға байланысты бірнеше рет
естелік медальдармен марапатталған.
2019 жылы Академияның дамуына қосқан үлесі үшін «ХАА Алтын ордені» естелік құрмет
белгісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің атынан «Мұнай газ
саласының еңбек сіңірген қызметкері» марапат белгісімен, «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан
үлесі үшін» медалімен марапатталды.
2020 жылы ҚР Энергетика Министрлігінің атынан «Еңбек ардагері» естелік медалімен
марапатталды.
Келесідей ғылыми атақтар мен дәрежеге ие: техника ғылымдарының кандидаты, Атырау мұнай
және газ университетінің құрметті профессоры, ХАА академигі.
2017 жылдан бастап Еуропалық геологтар мен инженерлер Қауымдастығының мүшесі болып
табылады.
2017 жылы жобалаудың барлық түрлері бойынша жаңа «ҚР жер қойнауы және жер қойнауын
пай-далану туралы» Кодексін және нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге өз үлесін қосты.
2017 жылдан бастап Мәнсия Нұрғалиқызы жас және перспективалы компания “Timal Consulting
Group” ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
«Timal Consulting Group» ЖШС компаниясы мұнай және газ өнер-кәсібі саласында кең ауқымды
қызмет көрсету мақсатында 2008 жылғы сәуірде құрылды.
Осы жылдар ішінде компания бас директор Бабашев Виктор Нұрғалиұлының басшылығымен
мұнай-газ саласында инжинирингтік қызмет көрсету саласында табысты ілгерілеп келе жатқан
Қазақстанның мұнай саласындағы ірі мамандандырылған компания бола алды.
Қалимов А.Р. – IT бөлімінің директоры, Нұрбаев С.Т. – Атырау филиалының директоры,
Жақашев Г.Г. - бас директордың жобалау жөніндегі орынбасары, Бабашева М.Н. – бас
директордың өндіріс бойынша орынбасары, Бабашев В.Н. – бас директор, Рамазан А.У. – бас
директордың геология бойынша орынбасары
Мәнсия Нұрғалиқызы 43 жылдық жұмыс өтілі барысында Қазақстанның мұнай-газ саласының
дамуына үлкен үлес қосты.
М.Н. Бабашева ханымның көп жылғы зерттеулерінің нәтижелері оның жарияланған ғылыми
мақалаларында көрсетілген, ол 40-тан астам ғылыми жұмыстың, 289 ғылыми-зерттеу
жұмыстарының авторы болып табылады, мұнай беруді ұлғайту үшін кен орнын игеру кезінде су-газ
әсерін пайдалану технологиясын әзірлеуге патенті бар.
Мәнсия Нұрғалиқызы 20 жылдан астам Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар Министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің қорлар жөніндегі
мемлекеттік комиссиясының сарапшысы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ Министрлігінің барлау және игеру жөніндегі орталық
комиссиясының 10 жылдан астам мүшесі.