top of page
Патенттік жүйенің білгірі

Патенттік жүйенің білгірі

Тағбергенова Модангүл Марупқызы – Қазақстан Республикасының Патенттік жүйесінің қалыптасуы
мен дамуына белсенді қатысқан маман. Халықаралық Ақпараттандыру
Академиясының толық мүшесі.
ҚР Премьер-Министрінің 1992 жылғы 26 маусымдағы №7/10-ө өкімімен құрылған
жұмыс тобының құрамында «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының авторларының бірі.

1992 жылы КСРО-ның ыдырауына және Қазақстан азаматтары үшін патенттеу мәселелерін
шешу қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 23
маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанынан Қазақстан
Республикасының Патенттік ведомствосы (ҚазПАТЕНТ) құрылды. Осы сәттен бастап Қазақстанның
Патенттік жүйесі қалыптаса бастады. Осы кезеңде Модангүл Марупқызы патенттік ведомствода
жұмыс істеді, кейін ҚазПАТЕНТ Төр-ағасының бұй­рығымен ауыстыру тәртібімен зияткерлік меншік
Агенттігінің директоры болып тағайындалды.

Агенттік зияткерлік меншік объектілерін: тауар белгілерін, өнертабыстарды, пайдалы
модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді күзету және қорғау жөніндегі жұмыстардың барлық түрлерін
орындайды.

Зияткерлік меншік Агенттігі 1992 жылы Бүкілодақтық Патенттік Қызмет көрсету Орталығының
(БПҚО) Алматы филиалының негізінде құрылды және Патенттік сенім білдірілген Өкілдердің
мамандандырылған фирмасы болып табылады.

Қазіргі уақытта агенттікте тіркелген Қазақстанның бес Патенттік сенім білдірілген Өкілдері бар,
олардың екеуі Еуразиялық Патенттік сенім білдірілген Өкілдер болып табылады. Сонымен қатар
екі лицензиялы бағалаушы бар.

Агенттіктің патенттік сенімді өкіліне металлургиядан бастап биотехнологияға дейінгі ғылымның
түрлі салаларында біліктілігі бар әріптестер мен кеңесшілер командасы көмектеседі.
Компания зияткерлік меншіктің кез келген саласында қызметтердің толық спектрін көрсетеді,
зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға, сондай-ақ жосықсыз бәсекелестікке
байланысты даулар бойынша сотта және Қазақстанның кез келген басқа мемлекеттік
органдарының алдында мүдделерді білдіруді жүзеге асырады.

Агенттік мамандары тұтынушылардың зияткерлік меншік саласындағы барлық іскерлік
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін заңнамадағы соңғы өзгерістерді және технологиялық прогресті
бақылайды.

Зияткерлік меншік агенттігі («Тағбергенова және серіктестері») Қазақстанда және шетелде
зияткерлік меншікті қорғау бойынша қызметтердің толық спектрін ең жоғары деңгейде көрсететін
және бәсекеге қабілетті бағаларды сақтаған фирма болып қала береді.
Агенттік қызметкерлері Қазақстанда зияткерлік меншік саласында өтініш берушілердің
мүдделерін білдіруге әрқашан қуанышты. Сонымен қатар, Агенттік бұрынғы КСРО елдерінде
тауарлық белгілерді қорғаудың үлкен тәжірибесіне ие, алыс және жақын шетелдердегі, мысалы,
Қырғызстан, Түркіменстан, Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения, Украина, Молдова, Ресей
және Беларуссиядағы клиенттеріне зияткерлік меншік қызметтерін ұсынады.

Агенттіктің Патенттік сенім білдірілген Өкілдері INTA, AIPPI, LES, FICPI сияқты халықаралық
қауымдастықтардың мүшелері болып табылады.

Модангүл Марупқызы Еуразиялық патенттік ұйымның тіркелген Патенттік сенім білдірілген Өкілі
болып табылады, бұл өз өтініш берушілеріне бір өтініммен патент алуға мүмкіндік береді. Қорғау
құжатын алғаннан кейін, зияткерлік меншікті қорғау бойынша жұмыс кеден органдарында да,
соттарда да жалғасуда, мысалы, контрафактілік өнімнің Қазақстан аумағына түсуін болдырмау.
2017 жылы 13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстанның Патенттік Жүйесінің 25 жылдығы
атап өтілді. Аталған іс-шарада Қазақстанның патенттік жүйесінің еңбек сіңірген қайраткерлеріне
медальдар табыс етілді, олардың қатарында Модангүл Тағбергенова да болды. Ол Қазақстан
Респуб-ликасындағы тауар таңбалары туралы Заңның бірінші редакциясының авторларының бірі
және фирманың негізін қалаушысы болды. Модангүл Марупқызы зияткерлік меншік бойынша дәріс
оқып, тыңдаушыларды оқыту бойынша жұмыс жүргізеді. Ол сондай-ақ қоғамдық қызметті де
белсенді жүргізеді. Модангүл Марупқызының басшылығымен «Қазақстанның Патенттік сенімді
Өкілдері Палатасы» құрылды, онда ол төрайым болып табы­лады.

Модангүл Марупқызы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі болып табылады және 2021 жылы «Еңбек үздігі» медалімен марапатталды.

bottom of page