Patriot-tulga.kz
Ғылымсыз адам айуан, не қылсаң да ғылымды біл...
Аженова Орынша Мырзашқызы – ҚР-нің еңбек сіңірген оқытушысы, ҚР-нің Құрметті профессоры, ХАА академигі.
Орынша Мырзашқызы Аженова – «ҚР-ның Білім Беру ісінің құрметті қызметкері», Білім жөнінен
ұстаздардың халықаралық тренері», Республикалық-халықаралық семинар-конференциялар координаторы, ҚРБҒ министрі Е.Сағадиевтың «Алғыс хаты» (2018), «Шығармашыл ұстаз» – І орын, «PLANET SKILLS»-«Үздік сабақ әзірлеу-19» – І орын, «Үздік әдістемелік жұмыс-19» – ІІ орын «QasGeniusWorld» – І Республикалық «Ашық сабақ-19», «Менің инновациялық сабағым» халықаралық І дәрежелі дипломдармен, «За вклад в развитие образования» халықаралық дипломымен (2019) марапатталған. «Национальная гордость РК» халықаралық төсбелгісі, «Ы. Алтынсарин-2019», «ҚР–нің құрметті профессоры-2020» төсбелгілерінің иегері.
Авторлық әдістемелік кітаптары: «Жаңа білім – шебер маман» – жалпы пән оқытушыларға. Астана, «Жаңа білім – шебер маман» – арнайы пән оқытушыларға. Астана, «Ұлағатты өмірден бір үзік сыр...», «10-сыныпқа методикалық құрал», «Физикадан деңгейлік есептер», «Физикадан тесттер жинағы», «Оқушылардың ғылыми жұмысы», «Физика және қоршаған орта», «Зертханалық жұмыстар», «Физика және астрономия-технологиялық карталар», «Физика және астрономия пәніне жаңа технологияларды қолдану», «Физика – Ж.А.Қараевтың үш өлшемді технологиясы».
Тәлімгер туралы жарияланған энциклопедиялар:
1. «Одаренные дети – будущее Казахстана» – республикалық;
2. «Өнегелі ұстаз» – республикалық;
3. «Учитель Казахстана» – республикалық;
4. «Ұстаз мерейі» – «Дарын» республикалық орталығы кітабы;
5. «ЛУЧШИЕ В ОБРАЗОВАНИИ-2018» – халықаралық үлкен энциклопедиясы – БМЭ.
Орынша Мырзашқызы әкеден мұраға қалған ҰСТАЗ мамандығының қыр-сырын меңгеру үшін қаншама күш-жігер, қажыр-қайрат, талмас талап, терең ізденістердің арқасында, осыдан 40 жыл бұрын 1981ж. Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының (КОПИ) «Физика және математика» бөлімінің физика мамандығын тәмәмдап, 15 жыл осы институтта, 15 жыл №146 лицейде ұстаз болып қызмет атқарып, білімін тәлім-тәрбиемен ұштастырып, соңғы 10 жыл ішінде осы АЭМК оқу орнында шәкірттерін, жас мамандарды ғылыми жұмыстарға баулып, «Зияткерлік» ғылыми ұйымын басшылыққа алып, талай жетістіктерді қанжығасына байлап келеді. Жалпы ұстаздық еткен өтілі 40 жыл.
Шәкәрім Құдайбердіұлының: «Ғылымсыз адам айуан, не қылсаң да ғылымды біл...» деуі кім-кімді болмасын ойландыруы тиіс. «Білім жарысы» атты мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы: «Неше түрлі ғылым, өнер – бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рақатын молайту үшін шығарған нәрселер.
Орынша Мырзашқызы ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, шәкірттерінің қабілетін, талантын дамытуда – ұстаздық міндетін орындап, бүгінгі білім кеңістігіндегі өзгеріс қажырлы ізденіске жетелейтін жаңартылған білім беру мазмұнын шебер меңгеруге де атсалысып келе жатқан ұстаз-оқытушы.