Patriot-tulga.kz
Құқықтық көмекті жүзеге асыруды зерттеуші
Ахметзакиров Наиль Рафисович – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы оттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысы
(ҚР Жоғарғы Соты аппараты).
1983 жылы 30 мамырда Алтай қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2008 жылы Ресей Федерациясының қазіргі заманғы гуманитарлық академиясын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Халықаралық психология ғылымдары академиясының (Ярославль қ.) жоғары академияаралық аттестаттау комиссиясының шешімімен психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (диссертациялық жұмыс – «Гуманитарлық факультеттер студенттерінің құқықтық санасы (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының мысалында)»).
2017 жылы Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының академиясында “Құқықтану” бағыты бойынша
магистр дәрежесін алды, Мәскеу қ. (тақырыбы «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы прокуратура органдарының құқықтық көмек мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастығы (салыстырмалы-құқықтық талдау)»).
Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2017 ж.).
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының
құрметті профессоры (2018 ж.).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің мүшесі (2020, 2021 жж.).
Республикалық бюджет комиссиясының мүшесі. (с 2019 ж.)
Шені: Аға әділет кеңесшісі (ҚР Прокуратурасының полковнигі).
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
2004 ж. 2009 ж. – Шығыс Қазақстан облысының аудандық және облыстық прокуратурасындағы қызмет:
2009 ж. 2015 ж. – Бас прокуратурадағы қызмет, оның ішінде әртүрлі басшылық лауазымдарда:
2015 ж. 2017 ж. – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясында басшы
лауазымдардағы қызмет:
2017 ж. 2018 ж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары
Академиясын басқарды.
2018 ж. 2019 ж. - Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі Бөлімі меңгерушісінің орынбасары:
2019 ж. мамыр айынан бері – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың
қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
Халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында, отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 40-тан астам ғылыми мақалалары жарияланды.
Жалпы редакциясымен 10-нан астам оқу құралдары мен әдістемелік ұсынымдар шығарылды.
Екі монография авторы:
1. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің заманауи жобалары (2016 ж. «Юрлитинформ» баспасы,
Мәскеу қ., РФ);
2. Қазақстан мен Ресейде қылмыстық істер бойынша құқықтық көмекті жүзеге асыруды салыстырмалы
зерттеу (2016 ж. «Юрлитинформ» баспасы, Мәскеу қ., РФ).
Марапаттары:
• Орден «Айбын» II дәрежелі ордені;
• Төсбелгілер: «ҚР Прокуратурасының І дәрежелі үздігі», «Қазақстанның құрметті заңгері»;
• «Үш би» Құрмет белгісі;
• 17 мерейтойлық және ведомстволық медальдар, Құрмет грамоталары.