Patriot-tulga.kz
Құқық саласының білгір ұстазы
Түзелбаев Ерғали Ошпанбайұлы – заң ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) академигі, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының профессоры.
Түзелбаев Ерғали Ошпанбайұлы 1955 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1962 жылы
№93 орта мектепке барды, онда 1970 жылға дейін оқыды, содан кейін №22 мектепте оқуын
жалғастырды, 1972 жылы бітіргеннен кейін КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебіне түсті,
оны 1976 жылы сәтті аяқтады және одан әрі қызмет атқару үшін Алматы қаласы ІІБ Калинин АІІБ
жіберілді, қылмыстық іздестіру инспекторы, қылмыстық іздестірудің аға инспекторы болып жұмыс
істеді.
1980 жылы АІІБ Штабының бастығы болып тағайындалды, содан кейін ҚазКСР ІІМ қылмыстық
іздестіру Бас Басқармасына қылмыстық іздестірудің аға инспекторы лауазымына жіберілді, онда
1983 жылға дейін жұмыс жасады.
Одан кейін КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебіне негізгі саптық бөліністің курс
бастығы лауазымына ауыстырылды.
1987 жылдан 1988 жылға дейін ІІО әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының
оқытушысы болып еңбек етті.
1988 жылы КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасына
түсті, 1991 жылы сәтті тәмәмдап, кандидаттық диссертация қорғап, заң ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алды.
Кейіннен Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебінің басқару және
психология кафедрасының аға оқытушысы болып тағайындалды.
1992 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Бас басқармасы штабы
инспекциясының Бас инспекторы болып қызмет атқарды, содан соң 1994 жылы ҚР ІІМ ұсынымы
бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне аға сарапшы ретінде жіберілді, ары
қарай ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығында құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі
болып тағайындалды.
1997 жылы ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесіне факультет бастығы лауазымына
ауыстырылды.
1998 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясына ұқсас қызметке жіберілді, онда
2001 жылға дейін жұмыс істеді.
Сол жылы ҚР ІІМ Кадр жұмысы Департаменті оқу орындары және кәсіби даярлау
басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Содан кейін Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институтының бастығы болып
тағайындалды.
2003 жылы ҚР ІІМ Шымкент заң колледжінің бастығы болып ауыстырылды.
2005 жылы докторлық диссертацияны сәтті қорғап, заң ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алды.
2009 жылы ҚР ІІМ Ақтөбе заң колледжінің бастығы болып тағайындалды. Қайта құрылуына
байланысты 2010 жылы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы болып тағайындалды және 2014
жылы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты осы қызметтен зейнетке шықты.
Ол 110-нан астам ғылыми жұмыс, 2 оқулық (монография) және 10-нан астам оқу-әдістемелік
құрал шығарды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үш Алғыс хатына ие болған.
Марапаттары:
• «Милиция үздігі» төсбелгісі;
• «Қазақстан Республикасына – 10 жыл» мерекелік медалі;
• «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медалі;
• I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі;
• «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалі;
• «Ішкі істер органдарындағы ардагері» медалі;
• «Қазақстан полициясына – 15 жыл» медалі;
• «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;
• «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі;
• «Қазақстан полициясына – 20 жыл» мерекелік медалі;
• «ІІМ Ішкі әскерлерге – 20 жыл» мерейтойлық медалі;
• «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» медалі;
• «25 жыл мінсіз қызметі үшін» медалі;
• “КАШКО” атындағы Ресей Федерациясының ІІМ орденімен марапатталған..
Жалпы, 68 марапатқа ие, сонымен қатар Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы,
Тәжікстан Республикасы, Белорусь, Украина Ішкі істер Министрлігінің медальдарымен
марапатталған.
Отбасылы, екі баласы бар.