Patriot-tulga.kz
Өмірде ең бастысы-адам болып қалу
Қауысова Галина Қалиқызы – медико-техникалық ғылымдар Академиясының толық мүшесі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік ұлттық университетінде Phd-докторанттардың қорғау жөніндегі докторлық кеңесінің мүшесі.
Қауысова Галина Қалиқызы 1968 жылы А.В. Луначарский атындағы Астрахань мемлекеттік медицина
институтының емдеу факультетін бітірді. Г.Қ. Қауысова Қазақстан Республикасының (ҚР) Денсаулық сақтау саласындағы келесі жобаларды әзірлеушілердің бірі болып табылады: «Қазақстан Республикасында медицина ғылымының 2010 жылға дейінгі Даму стратегиясы», «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заң, «Қазақстан Республикасында медицина ғылымының 2005-2010 жылдарға дейінгі дамуТұжырымдамасы» (2001).
Жобаларды (2001-2008 жж.) және бірқатар заңнамалық құжаттарды әзірлеуге, 2005-2010 жж. арналған ҚР ДСӘДМ-ге, «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» ҚР Заңына, «ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге белсенді қатысты.
«ҚР Ақпараттандыру туралы» Заңына (2007) ұсыныстар берілді, «Денсаулық сақтау менеджменті» (2008) біліктілік сипаттамаларына толықтырулар берілді.
1968 жылдан 1983 жылға дейін практикалық денсаулық сақтау саласында – аудандық кардиоревматолог, функционалдық диагностика бөлімінің меңгерушісі, көшпелі емхананың меңгерушісі, стационар мен емхананың терапевтік бөлімінің меңгерушісі, аудандық СДЭК төрайымы болып жұмыс істеді. Алматы облысы Қапшағай қаласы мен Іле ауданында кардиоревматологиялық және функционалдық қызметті ұйымдастырушы. Іле аудандық партия бюросының хатшысы болды.
1983 жылдан бастап 1991 жылға дейін және 1994-2001 жж. (қаңтар) Қазақ кардиология ҒЗИ-нда жұмыс жасады.
Институтта жұмыс істеген уақытында ғылыми-зерттеу жұмысының 3 ірі тақырыбын (ҒЗЖ) орындады. ҒЗЖ бойынша қорытынды есептер Семашко институтына, Мүгедектердің еңбекке қабілеттілігін сараптау және еңбекті ұйымдастыру орталық институтына (Мәскеу қ.) және Алматы қ. Ақпарат институтына тапсырылды.
Кандидаттық диссертация 1989 жылы сәтті қорғалды. Мамандық коды: 14.00.06 – кардиология; 14.00.33 –әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру.
Г.Қ. Қауысова 1991 жылдан 1994 жылға дейін әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы лауазымына конкурс бойынша сайланғаннан кейін Алматы дәрігерлерді жетілдіру институтында жұмыс істеді.
ҚР ДСМ Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелері ғылыми орталығында (қазіргі ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту институты, 01.10.2006 ж.) 2001 жылдың 1 ақпанынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істеді және 2006 жылдан бастап ҚДСЖМ ҚДС және ӘҒ кафедрасының профессоры.
2003 жылдың қаңтарында «Негізгі жүрек-қан тамырлары аурулары сал-дарынан алғашқы мүгедектіктің
медициналық-әлеуметтік аспектілері» тақырыбында докторлық диссертация қорғалды. Мамандық коды – 14.00.33 – қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау. Г.Қ. Қауысова ҚР-да алғаш рет негізгі жүрек-қан тамырлары аурулары салдарынан болатын алғашқы және жалпы мүгедектікке кешенді зерттеулер жүргізді және ҚР-да науқастар мен мүгедектерді оңалту және медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүйесінің жұмыс істеуінің тұжырымдамалық, ұйымдастырушылық-әдіснамалық және әлеуметтік-экономикалық негіздерін әзірлеу және ғылыми негіздеу бойынша қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтауда басым бағыт құрды.
ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту Институтында ірі ғылыми бағдарламалардың жетекшісі болып жұмыс істей отырып, 2006 жылғы қазаннан бастап Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің (ҚДСЖМ) басшылығы жұмысты ҚР ДСМ практикалық денсаулық сақтау басшылары мен дәрігерлерін оқытумен қоса атқаруға шақырды.
2015 ж. қарашада ҚДСЖМ атауы қазақстандық «ҚДСЖМ» медицина университеті («ҚДСЖМ» ҚМУ) болып өзгертілді. Г.Қ. Қауысова мүгедектік және МӘС мәселелері жөніндегі сарапшы бола отырып, Денсаулық сақтау басшылары, сарапшы дәрігерлер, ДКК төрағалары және ҚР ғана емес, Тәжікстан Республикасының да емханаларының бас дәрігерлерінің орынбасарлары үшін жетілдіру циклдерін жүргізді.
Г.Қ. Қауысова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің
департаментімен дәрігер – сарапшыларға дәріс өткізуге шақырылып тұрды (1985-2016 жж.).
2013-2017 жж. аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің Халықаралық ғылыми конференциясына спикер және Шымкент қаласының қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында секция төрайымы болды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының онкологиялық қызметіндегі психологиялық-әлеуметтік көмектің өзекті мәселелері» (2016-2017 жылдар) республикалық ғылыми-практикалық семинардың спикері, ҚазОРҒЗИ, Алматы қаласы.
«Еңбек нарығының жаһандануы жағдайындағы медициналық білім беру» халықаралық Конгресіне белсенді қатысты (11.09.2013 ж.). «Белсенді ұзақ өмір сүру процесінде ҚР азаматтарының ортақ жауапкершілігі» бағдарламасы бойынша семинар-тренинг өткізілді. Тақырыбы – Әлеуметтік геронтология. ҚР паллиативтік көмектің ұлттық стандарттары.
2011 жылдың қаңтар айында Польшада өткен «Паллиативтік көмек» мәселелері бойынша семинар-тренингтен кейін Алматы қ. ҚДСЖМ (2011-2013 жж.) және 2012-2013 жж. Қарағанды қаласындағы медицина университетінде осындай семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.
Медико-техникалық ғылымдар Академиясының толық мүшесі (академик) - (Мәскеу, Ресей, 2006 ж.).
Ресей Жаратылыстану Академиясының толық мүшесі (академик) - (Мәскеу, Ресей, 2014 ж.).
Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі (академик) – Алматы, Қазақстан, 2010 ж.
«Тәжікстандағы медициналық-әлеуметтік сараптама: бағалау және оның даму перспективалары» (2014 ж.) тақырыбы бойынша Душанбе қаласында (Тәжікстан) өткен дөңгелек үстелде «Ұлы Отан соғысының мүгедектерін оңалту» баяндамасы тыңдалды.
ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылау бойынша ҚР Бірінші Президентінің Қорында ДДСҰ республикалық семинар жұмысына белсенді қатысты (2014 жылғы қаңтар).
2014 жылғы 17-18 қарашада өткен «Азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру көрсеткіші ретінде скринингтік бағдарламаларды табысты іске асыру» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда секция төрайымы болды – “Қазақстан” қонақ үйі, Алматы қ.
Г.К. Қауысова және бірлескен авторлармен ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша алғашқы «Қоғамдық
денсаулық және денсаулық сақтаудың негізгі ұғымдарының жиынтық тіркелімі» оқу-анықтамалық құралы (2001 ж.)
әзірленіп шығарылды, одан әрі тағы 3 том жасақталып, «Кардиология және кардиоревматология саласындағы жүйе
құраушы ұғымдар» (2008 ж.) оқу-анықтамалық құралы дайындалды.
Г.Қ. Қауысова С. В. Киммен бірлесіп, ҚР-да алғаш рет стационар дәрігерлерінің уақыт шығындарын зерделеудің
әдістемелік тәсілдерін әзірледі, олар Алматы қаласы мен ҚР өңірлерінің стационарларында апробацияланды және
емхана дәрігерлерінің уақыт шығындарын зерделеудің әдістемелік тәсілдері пысықталды.
Ол ДСМЭП ҒО (ДСДИ) ұжымымен республикада алғаш рет амбулаториялық-емханалық және стационарлық
буындағы әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің, сондай-ақ Алматы қаласы мен ҚР өңірлеріндегі 5 диспансердің
хронометраждық зерттеулерін жүргізді. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігіне 650 бет көлемінде есеп берілді (2003 -
2006 жж.)
Г.Қ. Қауысова 2010 жылы Кеңес жабылғанға дейін ҚДСЖМ кандидаттық және докторлық диссертацияларды
қорғау жөніндегі докторлық Кеңестің мүшесі болды.
Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау мәселелері бойынша қорғаған ҚР ДСМ жүйесінің түрлі ұйымдарында
жұмыс істейтін 1 медицина ғылымдарының кандидаты, 1 медицина ғылымдарының докторы, 4 PhD докторын
дайындады. «ҚДСЖМ» ҚМУ докторлық және магистрлік диссертацияларының жетекшісі болып табылады.
Г.Қ. Қауысованың 600-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 5 монография, 11 әдістемелік ұсыным, 4 оқу-әдістемелік құрал, 4 оқу-анықтамалық құрал, 2 ақпараттық парақ, 3 оқу құралы, 7 авторлық құқық жарияланды.
Көптеген шәкірттер даярлады: 1 медицина ғылымдарының кандидатын, 1 медицина ғылымдарының докторын, 4 PhD докторын және ҚР ДСМ жүйесінің түрлі ұйымдарында жұмыс істейтін қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтаудың әртүрлі мәселелері бойынша 100-ден астам магистрант пен менеджерлерін шығарды. «ҚДСЖМ» ҚМУ докторлық және магистрлік диссертацияларының жетекшісі болып табылады.
2017 жылы Алматы қ. ҚДСЖМ ҚМУ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында құрметті профессор атағы берілді. 2016-2021 жылдары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік ұлттық университетінде Phd-докторанттардың қорғау жөніндегі докторлық кеңесінің мүшесі. 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап «ҚДСЖМ» ҚМУ Phd-докторанттарының қорғау жөніндегі докторлық кеңесінің мүшесі.
Магистранттарды түлету бойынша ОҚМФА МАК төрағасы болды (2016-2017 жж.).
Қазақстан Республикасында, Ресейде, Белоруссияда, Польшада, Тәжікстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда, сондай-ақ шетелдерде – Францияда, Испанияда, Италияда, Үндістанда, АҚШ-та, Англияда, Чехияда, Португалияда, Түркияда, Ирландияда, Жапонияда, Қытайда және т. б. халықаралық ғылыми конгрестерге, симпозиумдарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, съездерге, дөңгелек үстелдерге белсенді қатысты.
Г.Қ. Қауысова белсенді, жоғары білімді, ойлы, мақсатына адал, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, жоғары ұйымшылдығымен және үлкен еңбексүйгіштігімен, кәсіпқойлығымен, жұмысқа шығармашылық көзқарасымен ерекшеленетін ғалым, қазақстандық қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебінің ҚМУ қызметкерлері, сарапшылар, сондай-ақ ҚР медицина жұртшылығы арасында лайықты құрметке және беделге ие.
Жұбайы – Жоламан Ғалымұлы Қауысов Астрахань қаласындағы балық институтын бітіргеннен кейін Қазақстанға жіберіліп, басшылық қызметтер атқарды. Қызы Гүлнәр ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген соң, жарнама агенттіктерінде жұмыс істеген. Тұрмыс құрған, күйеуі Ғалым – экономист,екі баласы бар: ұлы – Диас (үйленген, әйелі– Ғалия) және қызы Индира (тұрмыста, күйеуі – Рамазан, ұлы – Арсалан)
Ұлы Еркебұлан Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің менеджмент факультетін бітірген, түрлі ұйымдарда басшылық қызмет етті. Үйленген, Света есімді әйелі экономист мамандығын меңгерген, 2 баласы бар: ұлы – Халим және қызы – Томирис.