top of page
Өмірлік ұраны – салауатты өмір салты

Өмірлік ұраны – салауатты өмір салты

Абдукаримов Болат Үрзадаұлы – медицина ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі, «Медицина профессоры» ғылыми атағының, «КСРО Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісінің, «Еңбек ардагері» медалінің, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне –20 жыл» мерекелік медалінің иегері.
Абдукаримов Болат Үрзадаұлы, 1941 жылы 18 ақпанда дүниеге келген. Алматы қаласының тұрғыны. Отбасылы, екі ересек қыздың әкесі: Гүлмира – 54 жаста және Индира – 47 жаста.
1958 жылы Алматы қаласындағы №19 орта мектепті бітірді. 1959 жылдан 1965 жылға дейін АММИ педиатрия факультетінде оқып, дәрігер-педиатр дипломын алады да, Қазақ КСР Денсаулық сақтау
министрлігінің жолдамасы бойынша Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау бөлімінің қарамағына Ақтөбе қаласына барады. 1965 жылдан 1967 жылға дейін Ырғыз аудандық ауруханасында педиатрлықтан бас дәрігердің орынбасары қызметіне дейін өседі. Кейіннен Алға орталық аудандық ауруханасына қызметке ауысып, балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып істейді.
1968 жылдың қазан айынан бастап Ленинградтағы академик И.П. Павлов атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді мемлекеттік медицина институтына аспирантураға түседі. Ол жерде стоматологиялық факультеттің балалар аурулары кафедрасында оқиды.
1972 жылы «Ревматизм кезіндегі балалардағы вегетативті жүйке жүйесінің кейбір көрсеткіштері»
тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, педиатрия бойынша медицина ғылымдарының
кандидаты дипломын алады.
1975 жылы бөлім меңгерушілеріне арналған «Демографиялық статистика» циклі бойынша дәрігерлерді жетілдіру институтының Ленин орденінің орталық базасында өзінің біліктілігін арттырудан өтеді (Мәскеу қ.).
Одан әрі оның клиникалық дәрігер ретіндегі жұмысы «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды
ұйымдастыру» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер, содан кейін 1976 жылға дейін Қаз КСР ДСМ
Педиатрия ҒЗИ ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып ауыстырылады.
1976 жылдан бастап ҚазКСР ДСМ Өлкелік патология ҒЗИ денсаулық сақтауды ұйымдастыру бөлімінің
медицина тарихы бөлімінің меңгерушісі лауазымымен біріктірілген Қазақстанның медицина және денсаулық сақтау тарихы мұражайының директоры лауазымында жұмыс істейді. Оның базасында Алматы қаласының ДДҰ-мен ынтымақтасатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын құруға қатысады. Бес жылдан кейін “Медицина тарихы” бөлімшесін “Диспансерлеу” бөлімшесіне реформалауға байланысты 1984 жылы ол өз бастамасы бойынша Қазақ КСР ДСМ Кардиология ҒЗИ ұйымдастыру бөлімінің кіші, содан кейін аға ғылыми қызметкері лауазымына ауысады.
1987 жылдан бастап – Курорттық ресурстарды зерттеу бөлімінің меңгерушісі, ал 1989 жылы – профи-
лактикалық Кардиология және курортология бөлімінің меңгерушісі. 1987 жылы патенттану және өнер-
тапқыштық мәселелері бойынша басшы, инженерлік-техникалық және ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жоғары мемлекеттік курстарын бітіреді (Мәскеу қ.).
1988 жылы тамызда КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ЖАК-қа «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы берілді.
1996 жылдан 2004 жылға дейін директордың экономикалық және клиникалық жұмыс жөніндегі орын-басары, директордың ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2000 жылдан 2004 жылға дейін – ҚР ДСМ курортология бойынша штаттан тыс бас маманы. 2008 жылдан бастап сапа менеджменті және тәуекелдерді басқару бөлі-мінің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды, ал 2018 жылы ол қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейтін кеңесші лауазымына ауыстырылды. Сонымен қатар, өз қызметіне қоса (2008 жылдан 2016 жылдың қарашасына дейін) курортологияның шаруашылық есеп­тегі мамандандырылған сынақ зертханасының басшысы болды.
2000 жылы «Гидрологиялық ноо­био­геоценоздардағы негізгі жү­рек-қан тамырлары ауруларының
эпидемиологиясы мен профилактикасын зерттеудің ғылыми негіздері» тақырыбында докторлық
диссертацияны қорғап, 14.00.06-кардиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды (2001 ж.).
2004 жылғы ақпанда Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі болды. Онға жуық
медицина ғылымдарының кандидаты мен бір медицина ғылымдарының докторын дайындағаннан кейін оған 2006 жылы «Медицина профессоры» ғылыми атағы берілді.

2006 жылдан 2010 жылға дейін ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жанындағы кардиология
бойынша мамандандырылған диссертациялық Кеңестің ғылыми хатшысы лауазымында қоғамдық негізде жұмыс жасайды.
2011 жылдың сәуір айында ҚР ДСМ Кардиология ҒЗИ кардиологияның өзекті мәселелері бойынша
біліктілігін арттырды.
2012 жылдың маусым айында ол «Қазақстандық оқыту және консалтинг орталығы» ЖШС-де (Алматы қ.)
«Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау, ішкі аудит» тақырыбында аудиторларды даяр­­лау
курстарында біліктілігін арттырды.
2013 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Медицинадағы жалпы еңбек өтілі – 52 жыл. 320 мақала, 25 әдістемелік ұсыныс, 8 монография авторы және бірлескен авторы.
Болат Үрзадаұлы келесідей ма-рапаттарға ие:
– «КСРО Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі (1976 ж.);
– Қазақстан Республикасы Ден-саулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Алматы филиалының
Құрмет грамотасы (2001 ж.);
– «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі» төсбелгісі (2002 ж.);
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіп-одағының Атқару Комитетінің
Құрмет грамотасы (2002 ж.);
– «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасы» (2003 ж.);
– «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің алғысы» (2004 ж.);
– «ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директорының Құрмет грамотасы» (2011 ж.);
– «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.);
– «ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директорының Құрмет грамотасы» (2013 ж.);
– «Еңбек ардагері» медалі (2015 ж.);
– «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ж Естеновтен «Алғыс
хат», (2017 ж.);
– «Қалпына келтіру медицинасы бойынша кадрларды ғылыми қамтамасыз еткені және дайындағаны үшін»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Курорттық қауымдастығының Алтын дипломы (2018 ж.).

bottom of page