Patriot-tulga.kz
Хандар
Жолбарыс хан
Тәуке қазақ қоғамында аса беделді болса да оның саяси қарсыластары да аз емес еді. Кезінде
Тәукеге қарсы ашық бас көтере алмағандар енді оның ұрпақтарын биліктен ығыстыруды ойластыра
бастады. Тәукенің ұлы Қайып ханды қыс айында аң аулап жүргенде оған бақталас әулеттің
басында тұрған Абылай сұлтанның (бұл Абылай хан емес) адамдары 1723 жылдың басында
қапысын тауып өлтірді. Осыдан соң Абылай сұлтан ел арасында «Қанішер Абылай» атанып кетті.
Алайда қастандық жасаушылардың таққа ұлы хан ретінде Әбілқайырды отырғызуды көздеген
мақсаттары орындалмай, қазақтың атақты үш биінің қолдауымен ұлы хандыққа Тәукенің басқа ұлы Болат отырды.
Тахир хан
Қасым хан дүниеден өткеннен соң, Жайық пен Жем бойындағы өздерінің атамекендерін қайтарып алуды, осылайша батыстағы Қырым хандығының, солтүстік-батыстағы Қазан хандығының және оңтүстік-батыстағы Астрахан хандығының қыспағынан құтылуды ойластырған ноғайлар Еділ бойынан шығысқа жылжып, алғаш Мамаш ханмен текетіреске барған болса, енді 1523-1524 жылдары таққа отырған Тахир ханмен жағаласты.