Patriot-tulga.kz
Қазақтың батыр қыздары
Әлия Молдағұлова
Қазақ даласының қос сұңқары Әлия мен Мәншүкті бүгін кім мақтан етпейді. Бүкіл дүниежүзі жырына қосып, ерлігіне бас иді. Дүниенi дүр сiлкiндiрген сұрапыл соғыстың анықталмаған құпиялары әлi де жетерлiк. Оның iшiнде қазақ халқына қатысты ақиқаттың талай есiгi жабылып, жарияланбағаны тағы бар.
Алтыншаш Нұрғожинова
Соғыстың соңғы бір сәтінде Кеңес Армиясында 600 мыңнан астам әйел жауынгерлер болса, оның 80 мыңы офицер еді. Олар ұшақпен аспанда самғады, танк жүргізді, барлауға барып, ұрыс даласында мергендік көрсетті. Атқыш мергендер мектебін бітірген әйелдер 12 мыңнан астам жаудың көзін жойды. Майдандағы дәрігерлердің 41 пайызы, фельдшерлердің 43 пайызы, медбикелердің 100 пайызы әйелдер еді. Екінші дүниежүзілік соғысында 100 мыңнан астам әйел ордендермен, медальдармен марапатталды, олардың 91-і Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.
Мәншүк Мәметова
«...Ерліктің қос қанаты деп білем мен, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді» деген әнді қосыла шырқаған әрбір қазақ қызы қос батыр апаларының ерлігіне сүйсіне өскен. Ерліктің қос қанатына баланған тұлғаның бірі – Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Мәнсия. Екі ұлдан кейін дүниеге келген қызының қарақаттай көздеріне қарап анасы «Моншағым» деп еркелетеді. Атын айтуға тілі келмеген кішкентай Мәнсия өзін «Мәншүк» деп атап кетеді
Хиуаз Доспанова
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсіпті.