top of page

Талант пен тапқырлық

Қылқаламнан туатын сан-алуан ғажайып туындылар бала қиялын самғау биіктерге жетелейтіні белгілі. Ерзат мектеп қабырғасында жүріп “суретші бала” атанады. Қабырға газеттеріне салған суреттері, мектепішілік, аудандық суретшілер байқауына бола салған суреттері бала қиялының ұшқыр екенін аңғартты. Көрермен назарын өзіне аударды. Сол арман мен талап Ерзатты Алматы қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесіне жетелеп келді. Осынау сүрлеуден басталған жол біртіндеп оны суретшілік өнердің даңғыл жолына шығарды. Көптеген марапаттарға ие болды. «Қазақ өнерінің қайраткері» атанды.

Талант пен тапқырлық

Мүсіндері мақтанышқа айналған

Мүсінші Серік Қамидоллаұлы Мəтениязовтың есімі Атырау өңіріне жақсы таныс. Əр суретшінің өзіндік əлемі болады десек, оның өзіндік қолтаңбасы анадайдан менмұндалап тұрады. Тосын шешім, орындалу шеберлігі, тазалық пен ойлылық оның шығармашылығының шырайын кіргізіп тұрған ерекшеліктер. Мүсіншінің қолынан шыққан дүниелер ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Мүсіндері мақтанышқа айналған

Текті әулиеттің жұлдызы

Марьяна Арғынбаеваның есімі суретші, дизайнер, педагог әрі шахматшы ретінде елімізге жақсы таныс. Ол Қостанай қаласында туған, бастапқы өмірлік тәжірибелерін сол жақта жинады. Әкесі Мұхамәди, атасы Абдрахман ел-жұртқа сыйлы адамдар болыпты. Арғы жағын қуып келсе аты Арқаға мәшһүр бай да бақуатты, аса ықпалды бабасы Арғынбай қажыға тіреледі. Екі мыңға жуық жылқы біткен, ауқатты екендігіне қарамай Меккеге жеті рет жаяу қажылыққа барған кісі екен. Ауыл балалары үшін медресе аштырғаны айтылады. 1911-1912 жылдары сол Арғынбай қажының медресесінде Бейімбет Майлин де оқыпты.

Текті әулиеттің жұлдызы

Әріптестер мақтанышы

Шайзада Байкенова бүкіл өмірін сурет өнерімен байланыстырған, содан жанына қуат тапқан жан. Туған жердің табиғатын қалай сүйсе қылқаламын да сондай қастерлейді. Қылқаламынан туған дүниелер табиғаттың ғажаптығын, жаратушының шеберлігін дәріп теп, іштей жаңаруға жетелейді. Руханияттың жұрт мойындаған ұс тындарының бірі – кітап. Ал сол кітап безендірусіз қарабайыр дүниеге айналып кетер еді. Атбасардан шыққан кішкентай қыз бүгінде Көркем сурет академиясының толық (академигі) мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер одағының және Алматы Суретшілер одағының мүшесі. Баспагерлер,полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығының бірдей бір сарапшысы

Әріптестер мақтанышы

Сайрамның саңлағы

Менің Шатырхан дейтін досым бар. Жастық шағымыз бірге өтті. Мінезі аңқылдаған, жан адамға жаманшылығы жоқ, көңілі аппақ қардай таза жігіт. Алматыда оны білмейтін зиялы қауым өкілі жоқ десе де болады. Біреу оны ұстаз ретінде білсе, біреу цирк шебері ретінде дәріптейді. Біреу палуан ретінде білсе, біреу әнші ретінде таниды. Біреуге ол халық өнерінің қамқоры болса, біреуге кәсіпкер ретінде танымал. Бірақ ол ең алдымен өз ұлтының жанашыры. Әрі қоғамдағы өзгерістердің алдында жүруге тырысады.

Сайрамның саңлағы

Қазақ фотожурналистикасының ақсақалы

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңы. Алматы облыстық «Жетісу» газетінде қызмет етіп жүрген кезіміз. Бірде Қапшағай қаласынан қалыңдау пакет келді. Ашып қарасақ, өңкей өндірістік суреттер. Бұл өзі газет үшін үнемі жетіспей жататын дүние. Секретариатта бірге істейтін Рахымжан Өтегенов, Әскер Исақов, бәріміз қуанып кеттік. Әр фотоның артында желімделген тілдей қағазға еңбек адамының аты-жөні, жұмыс орны, сіңірген еңбегі баяндалған мәтіні тұр. Соңында «Суретті түсірген Н.Қизатов» деп авторы көрсетілген. Және суреттер қандай!

Қазақ фотожурналистикасының ақсақалы

Халықаралық өнер шебері

Мақсат бала кезінен сурет салуға әуес болды. Әйтеуір қолынан қарындаш, қағаз түспейтін. Бәлкім бұған әкесінің суретші болғандығы да себеп болған шығар. Шамасы 11-12-лердегі кезі болса керек. Бірде шұқшиып көшедегі ағаштардың суретін салып жатқан баласын көріп әкесі жанындағы майдандас досына «менің мына баламнан түбінде бірдеме шығады!» дегені бар. Сол сөз құлағында қалыпты.

Халықаралық өнер шебері

ӨНЕР  ТАРЛАНЫ

bottom of page