top of page
Шайзада Байкенова

Әріптестер мақтанышы

Шайзада Байкенова бүкіл өмірін сурет өнерімен байланыстырған, содан жанына қуат тапқан жан. Туған жердің табиғатын қалай сүйсе қылқаламын да сондай қастерлейді. Қылқаламынан туған дүниелер табиғаттың ғажаптығын, жаратушының шеберлігін дәріп теп, іштей жаңаруға жетелейді. Руханияттың жұрт мойындаған ұс тындарының бірі – кітап. Ал сол кітап безендірусіз қарабайыр дүниеге айналып кетер еді. Атбасардан шыққан кішкентай қыз бүгінде Көркем сурет академиясының толық (академигі) мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер одағының және Алматы Суретшілер одағының мүшесі. Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығының бірдей бір сарапшысы.

Полиграфиялық безендіру бүгінгі таңда көркемдеу өнерінің үлкен бір саласына айналды. Рухани қазынамен біте қайнасып тұрғандықтан әдетте ол оқырманға еленбей қалтарыста қала беретіні бар.Алайда ол ауа сияқты, көзге көрінбегенімен кітап тартымдылығында шешуші рөл ойнайды. Сурет өнерінің осындай қиын да қызықты саласын таңдағанына Шайзада ешқашан өкінген емес.

Көркемөнерге деген кішкентайынан қалыптасқан құштарлық оны Атбасардан Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесіне алып келген. Оның мұндай талабына әкесі Мұхаметжан да, анасы Сақып та қарсы болған жоқ. Шайзада мектепте оқып жүрген кезінің өзінде-ақ қабырға газеттерін безендіріп, суретшілікке ықыласты екенін байқатқан. Жалпы отбасы шығармашылыққа бейім еді, әкесі жұмыстан келгенде домбыра тартып, ән салып отыратын. Шайзада 1976 жылы училищенің «Көркем безендіру» бөлімін «суретші безендіруші» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Қазақ ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында бас маман болып еңбек жолын бастады. Одан соң 1979-1993 жылдары «Мектеп» баспасында көркемдік редактор, 1993-1997 жылдары «Дәуір» республикалық полиграфиялық баспа кешенінде бас технолог көркемдеуші редактор болып істеді.

Шайзаданың шығармашылық үлкен шабыты ғасыр соңында «Дәуір» баспа кешенінде істеген жылдарында айрықша көрінді. Онда іскерлігімен ерекшеленіп, тапқырлық тарымен құрметке бөленді. Осы кезең туралы азкем тоқтала кетейік. Баспагерлік пен баспахана жұмыстары арасында айырмашылық біршама. Сурет – кез келген бейнелеу өнерінің негізі. Өндіріс кәсіби мәдениет пен шеберлікті талап етеді. Оның арқауы, нәзік иірімдері – талғампаздык пен тапқырлықта, парасаттылыкта жатыр. Эстетикалык мүдденің де өзіндік ережелері бар. Қарапайым мысал, шрифт (таңба) екі түрлі қызмет аткарады. Біріншіден, жазбаша ақпарат берсе, екіншіден, көркемдік әсері болады. Әріптердің әдемілігі басылымның мазмұнын байыта түседі.

Басылымдағы өрбір сызықтың да өз қызметі бар. Міне, осындай қиындығы мол өнерге бел шеше кірісіп, абыройға ие болып жүргендердің бірі осы Шайзада болды. Баспахана жұмысы жоспармен жүргізіледі, күңделікті жаңа өнімдер шығару, өтімді товарлар өндіру, оның сапасы мен сүйкімділігіне жіті мән беру талаптары оның назарынан тыс қалған емес. Оқырмандарды қуанышқа бөлеп жатқан кітаптар мен бөбек кітапшаларында, буклеттер мен плакаттарда, күнтізбелер мен құттықтауларда т. б. Баспахана өнім дерінде суретшінің өзіндік колтаңбасы қалды.

Шайзада еңбек ете жүріп арасында Қазақ ақпараттық технологиялар мен басқару институтын экономист мамандығы бойынша бітіріп алды. Қызмет арнасы ары қарай «Мария», одан кейін «Айдана» баспаханаларында директор болып жалғасты. 1999 жылдан «Қазақстанның суретші кітап графиктері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Он жылға жуық ТМД елдерінің кітап басу мен кітап тарату ісі бойынша мемлекетаралық кеңесінде Қазақстан өкілі болды. 2003 жылдан «Балалар әдебиеті» баспасын басқарды.

Осыдан қырық бес жыл бұрын еңбек жолын бастаған Шайзада Атбасардағы арман қуған балаң шағын, Алматыда көркемсурет училищесінде студент болған күндерін сағына еске алады. Оның өмірінің бәрі тек сағыныш емес ізденістерге толы. Кейін Львов қаласында білімін толықтырды. Сол кезден бері өндірістік графика саласында суретші, көркемдеуші редактор, бас редактор сатыларынан өтіп, шығармашылық ұжымдарды да басқаратын елеулі тәжірибеге қол жеткізді. Ұзақ жылдар «Кітап» бірлестігінде қызмет еткен ол бірқатар авторларды тарта отырып, жүздеген оқулықтар мен көркем өдебиеттердің оқырман қолына тиюіне ықпал етті. Тіпті мектепке және жоғары оқу орын дарына арналған қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарын көркемдеді. Оқулықтарды жай ғана көркемдей салу аз. Оқу кұралы болғандықтан безендіру үшін салынған суреттер оның ішкі ойымен мазмұндасып, сіңісіп жатуға тиіс. Шәкірт сурет арқылы да білімін толықтыра алғаны тиімді. Онда жеткіншектің жас ерекшелігі де басты назарда болады.
Автордың ойымен астасып, суретші өнері кітап мақсатын дөп басып жатса – оқырман игілігі. Осыны басты мұрат етіп ұстанған Шайзада Байкенова: «Кез келген көзі қарақты оқырман өзі сүйіп оқитын
басылымның немесе кітаптың әр бетіне көз жүгірте отырып оның көр кемдік келбетіне көз тоқтатады. Іштей сүйсініп, не іштей қынжылып калатын кездері де бар. Кейбір әріп тестерімнің қателіктерін сынап, олар дың бейнелеген жолы жыланға, дестеленген бидайы кәдімгі сыпырғышқа ұқсап кетсе не айтарсың», – дейді әзілшыны аралас.

Өз қызметінде әрдайым ізденіс үстінде жүретін Шәкең ылғи да өнер тапқыштыққа ұмтылады. «Әліппе» оқу лығына конкурс жарияланып, бірнеше оқулық сарапқа түскенде А.Дүзелхановтың Шайзадамен бірлесе жасаған еңбегі ұлттық нақышымен, мазмұн тереңдігімен бас жүлдеге ие болған. Сол жұмыс әл денеше буынның кәдесіне жарады, игілігіне асты.

Сондайақ, Шайзада бірнеше рет халықаралық кітап көрмелеріне қатысып, бірінші, екінші дәре желі дипломдар мен Гранпри жүл делеріне қол жеткізді. Әсіре се, 1985 жылы жарық көрген «Суретті математика» кітабы бас жүл деге ие болып, «В мире книг» журналында көр кемделу тұрғысынан таңдаулылар катарында аталып өтілді.

Шайзада бойындағы бар дарынын үш ұл, бір қызына дарытуға тырысты. Үлкен қызы Айсұлу – скрипкашы, Елордада «Астана-опера» театрында концертмейстер. Абай деген ұлы – кинорежиссер, Азаматы – заңгер. Кенже ұлы Ян өзі сияқты графиксуретші.

Қазақстанның кітап графикасында нәзік те сырлы суретші Шайзада Байкенованың қалдырған өзіндік қолтаңбасы бар. Ол тек отбасының ғана емес күллі қылқалам шеберлерінің де мақтанышы.

Шайзада Байкенова Алматы технологиялық университетінің дизайн факультетінде 2001 жылдан бері ұстаздық қызмет етіп келе жатқан білікті ұстаз. Өнер тұлғасын бір шәкірттері де, ұстаздар қауымы да құрмет тұтады.


Мұрат Жанысбаев,
“Патриот тұлға”.

bottom of page