top of page
Patriot Tulga

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ



Оразбекова Күләш Айтмолдақызы,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің профессоры, психология

 ғылымдарының докторы:


"Қазақтың ұлттық психологиясының таңғаларлық үлгілерін әлемге таныту мақсатында көптеген озық елдердің конгресс, съезд, симпозиум, саммит, конференцияларында насихаттап, олардың өрден, медаль, диплом, сертификат, мақтау қағаздарымен марапатталдым. Мен қазақтың қызы болып, туғаныма мақтанамын".



Психологияның дамуы әртүрлі бағыт-бағдар мен ағымдағы мектептермен тарих сахнасына келіп, бұл пәннің сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырғаны белгілі. Бірақ ұлттық психология және қазақ перзенттері туралы, адамның мінез-құлқын зерттеген Америка өкілдері, сананы, түр, тұрпат құрылымын зерттеген немістер, адам өмірінің көп жақтарын қарастырған Австрия ойшылдары сияқты айтылмайды. Тіпті, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз аталған ұлы ойшыл, дана ғалым, дүние жүзінің көптеген тілдеріне (араб, еврей, неміс, латын, испан, ағылшын, француз, орыс, т.б.) аударылған еңбектері бар, нағыз шын мәніндегі психолог әл-Фараби мектебі түгіл, осы данамыздың есімі де аталмайды. Бұл намысқа тиіп, қайратты жігерлендіріп, ұлттық сезімді тасқындатып, іс-әрекетке итермелейді. Сондықтан, бүгін Қазақтың психологиялық мектебі туралы айтып, ұлттық психологияның негізгі мақсаты не, оның негізін қалаған қазақ перзенттерінің атын атап, озық ойларын көрсетуді мақсат еттім. Біріншіден, ұлттық рухани қасиеттерімізді танып-білу, оны басқаларға да таныту, өз ана тілін білетін саналы Мен Қазақпын! Ұлтым қазақ! Дейтін ұрпақ өсіру. Екіншіден, қазақ халқының ұлттық рухын, психологиясын, бабалар идеологиясын, өзін-өзі танудың жаңа мәдениетін оқу-тәрбие жұмысына енгізу. Үшіншіден, қазақ халқының бірінші – Абайға дейінгі кезен, екінші – Абай; екінші кезеңді Абай атымен неге Абай кезеңі демеске. И.П. Павловтың физиологиядағы ғылыми қызмет кезеңі Павловтың кезеңі деп аталады. Ал Абайдың негізгі зерттеу объектісі – адам; үшінші – Абайдан кейінгі кезең деп, ел тізгінін ұстаған білікті билеушілері, шешен, жырау, ақындарының тәлім-тәрбиелік психологиялық тарихи ой-тұжырымдарын енгізу.

         Ұлттық психологияның күн өткен сайын қажеттілігі артып, айырықша маңызға ие болуда. Өйткені, оның өміріміздің өскелең талаптарын шешуге тигізер күш-қуаты орасаң. Сондықтан Жас ұрпағымызды ұлттық психологияның білгірлері- психолог – жантану шеберлері, көпті көрген, көкірек көзі қиянды шалатын ойы орамды, көнені ғана біліп қоймай, болашақты да тап басып, байламды, бағаналы болжам жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шыққан бабаларымыздың мақал-мәтел, өлең-жыр, ертегі, жаңылтпаш жанды сөз – асыл мурасын бойына  сіңіру. Осылай олардың ойлауындағы селқостық-ты, жігерсіздікті жойып, жаңаша ойлауды қалыптастыру.

         Олар, біріншіден, ата – бабамыздың іс-әрекеттері туралы түсінік алады, екіншіден, сөз құдіретінің қасиетін таниды, үшіншіден, үлкенді сыйлау, елін, жерін қорғау, сөзде тұру, сөзді орынды жерде дұрыс қолдану сияқты психологиялық тәлімдік өнеге-үлгілерін игереді.

         Қазақтардың ұлттық психологиясы өзінің мәні жағынан өмірлік деуге болады. Біріншіден, ол тарих сынына тегеурінді төтеп берді, екіншіден, халық көптеген қиындықтарды жеңе отырып, сол психологиялық жанды сөздерді қажетті құндылық ретінде кейінгі ұрпаққа бере білді, үшіншіден, тарихтың өзі қазіргі ұрпақты осынау рухани байлықты сақтап, байыта білуге шақырып отыр.

         Сонымен қатар ұлттық психологяның кеңестік жалпы псхология аудармасынан басты ерекшелігі, онда адам тек жаратылыстан ғана ерекше емес, ол оның саналы қожасы да, қазақтың дәстүрі санасы үшін, адам – дүниенің кіндігі деп тұжырымдалады. Ұлттық психологияда тек адамға ғана «кім» деген сұрақ қойылуы, адамнан басқаның барлығы – «не?» болуы бұл аудармадағыдай дүниенің жанды және жансыз деп жіктелуі емес, ол алдымен адамды Алла жаратқанда дүниенің басқа бөлігінен ерекшелеп «Адамнан үлкен ат жоқ» деп көрсету екенін, ал кеңестің одақтық жалпы және аударма психологиясында тауыққа да, итке де, маймылға да кто? кім? деген сұрақ қойылатынын баса айтқан жөн.

         Тағы бір жоталы ерекшелігі ұлттық психологияның «Кім жіберді адамға, терең сырлы бұ жанды» деген Омар Қараштың сұрағына «Атамыз Адам пайғамбар, топырақтан жаралған. Мұсылман, кәпір халайық сол адамнан таралды» деп, атамыз маймыл деген орыс ғалымдарына, сен де содан тарадың деп тобықтай түйінмен кесіп Шортанбай ақын жауап береді. Міне, төл ұлттық психологияның құдіретті қазаққа ғана тән қасиеті.

         Ұлттық психология Адам атадан бастау алып бүкіл өмірі өлеңге, өлеңі өмірге айналған жырау арқылы бір ғажап психологиялық жағдайларда жалғасын тауып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған.

         Қазақтың ұлттық өз төл психологиясын оқу-тәрбие жұмысына енгізу, ендігі жерде, кезек күттірмейтін іс. Олай болмаған жағдайда жаңа ұрпақтың ұлттық тәуелсіздік сана-сезімі жаңа қоғамға лайық болмай қалады. Елім, жерім деп оны қорғайтын және бұл жолда барын салып, жанын пида ететін, күш-жігерімен ақыл-қайратын жұмсап, ар-ұяты мен намысын сақтап, ащы  терін төгетін ұлтжанды, өз туған Отанын, Елін, Жерін, Салт-дәстүрін, Ана Тілін сүйетін азаматтар азайып, зиялы, нағыз ұлттық тұлғалар қалыптаспайды.

         Әл-Фараби мен Абайдың даналық ой-тұжырымдарын КСРО-ның психологтары түгіл, Еуропа психологтарымен тең қоюға болады. Онда болжам-гипотеза, концепция, психологияның әдіс-тәсілдерінің бәрі де бар. Олар болғанды ғана емес, болатын, болуы мүмкін жайларды, адам бейнесін, оның көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен байланыстыруы, оның нақтылы бір адамды суреттеуі, оған мінездеме беруі, немесе жеке адамның сөзін, ойын көрсетуде: жігіт сөзі, қыз сөзімен қатар, топтың өкілдерін сөйлетуі, олардың әрқилы мінезін көрсетіп, іс-әрекеттердің иесі ретінде олардың мінез-құлық қасиеттерін терең талдап, саралап әртүрлі адамдардың қарым-қатынасын көрсетеді. Ең ғажабы Абайдың қырық құбылып жүретін адамдардың мінезін, іс-әрекетін көрсетуі ол асқан шеберлік және ол ешбір психологтардың зерттеулерінде болмаған нәрсе. Бұл өркениетті елдердің психологтарын да таң қалдырды.

         Кезінде қазақ халқының психологиясы, оның өзіне төн ұлттық ерекшеліктері бұрын-сонды зерттеліп қарастырылмады. Қазақтарға өз психологиясын білгізбей, орыс халқының өмір мысалдарымен дәріптелген Мәскеудің жалпы психологиясын аударып оқытты. Бұл басқа ұлтты тез орыстандырудың нәтижелі құралы болды. Осы себепті одақ үкіметі қазақ мектептерін ашқанда, оларды сауаттандырып, тәрбие-білім беруде де өздерінің күнделікті саяси-әлеуметтік мұқтажына қызмет ететін құлдық психологиядағы қызметкерлер даярлау  саясатымен жүргізгені де шындық.

         90-шы жылдарға дейін қазақ бөлімінде оқитын студенттерге кеңес психологиясы орыс  тілінде оқытылды. 91-ші жылы мен аштық жариалап (Ормантаевтар мен бірге) үш талап қойдым. Үкімет менің талаптарымды орынды деп жарлық шығарып, содан бері кеңестің жалпы психологиясының аудармасы қазақша оқылатын болды. Бірақ қазақ ғалымдарының еңбектері, ата-бабаларымыздың асыл мұрасы тиісті бағасына ие бола алмады. Қазақшасы сәлемінен аспайтындар «қолыңнан келсе қонышыңнан бас»; ауызы қисық болсада байдың баласы сөйлесінің кебі» болғандықтан оқулықтар мен әдіснамалық көмекші құралдар, бала-бақшаларға, мектеп пен жоғарғы оқу орындарына арналған Қ.Балахметов кезінде енгізілген, «Ұлттық психология» Жансеит Түймебаев кезінде енгізілгенімен менен басқа ешкім оқымайды. Мен оқытқан студенттердің барлығы да, өнегелі отбасы, бір-бір мекемені басқарып отыр.   

         Сондықтан ғасырлар бойы жалғасқан мол халықтық мұра, ұлттық психология негіздері қайта оралып, жастарымыздың сана-сезімін, жан дүниесін жаңғыртып, қазақтандыруға қызмет етуі қажет. Бұл – үлы мақсат. Ол туралы кезінде М. Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген болатын. М. Дулатов: «...балғынан жас баланың ойына, қанына сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін үйретіп, тәрбие түрлерінің ең қомақтысы, ең негізгісі инабат пен имандылық тәрбиесіне мән беру қажет. Өйткені Тәуелсіздікке қол жеткізсекте рухани жағынан әлі тоқырауды бастан кешіп отырмыз. Оның түп-тамыры әлі күнге дейін кеңестің жалпы құлдық психологиясында, ол сабақ кестесінен әлі түспей отыр.

        

133 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page