Қарсыластың соққысынан мемлекеттің әуе шекарасын және әскерлерді корғайтын шаралар кешені. Олардың құрамына
әуе шабуылына карсы қорғаныс әскерлері
әскери-әуе күштері кіреді.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бейбіт күндері елдің әкімшілік және экономикалық орталықтарын, қарулы күштердің топтарын қарсыластың әуе шабуылынан қорғауда жауапты әскери міндеттерді дереу орындауға қабілетті болу керек. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолайсыз ауа райы жағдайында қатты радиоэлектрондық кедергілерді, алыстағы және жақындағы, әр түрлі биіктіктегі нысаналарды жоятын, әуе шабуылы туралы ескертетін қазіргі заманғы құралдар мен зениттік-ракеталық, авиациялық және қорғаныс әскерлерден, зениттік-ракеталық әскерлерден, әуе қорғанысы авиациясынан, радиотехникалық және арнайы әскерлерден тұрады. Зениттік-ракеталық әскерлер әр түрлі мақсаттағы ракеталык кешендермен қаруланған. Зениттік ракеталар нысананы кез келген қашықтыкта, биіктік пен ұшу жылдамдығына, жылдың тәулігі мен мезгіліне, ауа райының жағдайына және радио кедергілерге қарамастан жоя алады. Әуе корғанысы авиациясы барлық ауа райында қалыпты ұшатын жойғыштармен, іздеудің жаңа навигациялық аппаратураларымен және үлкен қашықтықтан қабылдайтын радиолокациялық құралдармен, дыбыстан ұшқыр және жетілдірілген кару-жарақпен жарақталған.
Приозерск гарнизоның баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы
Comments