Приозерск горнизонында орналасқан 44841-әскери бөлімінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай салтанатты шара болып өтті. Әскери бөлімнің әскери қызметшілері 50-ге жуық балаға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлады.
театрландырылған қойылымдар мен ойындар ұйымдастырылды. Арнайы шақыртылған аниматорлар балаларға шаттық сыйлап, байқаулар өткізді. Шара соңында жеңімпаз бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етіліп, барлық балаларға тегін балмұздақтар таратылды. "Балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру – әрбір адамның міндеті. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азамат болып өсуіне ат салысамыз", – деді 44841-әскери бөлімінің командирі міндетін уақытша атқарушы, подполковник Андрей Зотов. Айта кетейік, аталмыш іс-шара әскери бөлімдегі қызметкерлердің отбасы мүшелерімен ұйымдастырылды.
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы. лейтенант Думан ЖҰМАШҰЛЫ
Comentarios