top of page
Думан Құрманғалиев

Бағалы сыйлық иегерлері

Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

Мерекелі де, берекелі наурыз айының үшінші аптасының алғашқы күні «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөліміндегі жеке құрам үшін қуанышты сәтпен басталғанын жеткізгім келеді. Дәл осы күні, биылғы жылдың басында орын алған «қаңтар оқиғасы» кезінде асқан қырағылық таныта білген мерзімдік қызмет әскери қызметшілеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Жиынды 06708 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Д.Жұмабеков ашып берді. Алдымен, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Оразалин Әсет Қайыргелдіұлы сөз сөйледі. Мінберге көтерілген лауазымды тұлға полковник Әсет Қайыргелдіұлы: «Баршаларыңызға белгілі, биылғы қаңтар айының алғашқы күндерінде Қазақстан халқы қасіретті күндерді бастан өткерді. Осы сын сағатта барлық санаттағы әскери қызметшілердің, оның ішіндегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында өздерінің Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген мерзімдік қызмет әскери қызметшілерінің қайсарлық пен ержүректілік танытқандығы анық» -деп, тебіренді.


Сонымен бірге, 06708 әскери бөлімінің командирі, Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Батырбеков Есжан Оралбекұлы сөз сөйледі. Іс-шара барысында бөлімнің жеке құрамының алдында бір сызықтың бойында сап түзеген сарбаздарға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан келіп жеткен бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.


06708 әскери бөлімінің сарбаздары «қаңтар оқиғасының» алғашқы күнінен бастап, қару асынып берілген тапсырмаларды орындауға бірден білек сыбана кірісіп кеткендіктері ақиқат. Олар тек өздеріне тиесілі әскери бөлімнің аумағын күзетуден бөлек, қорғауды қажет ететін аса маңызды әскери нысандарды бақылауға алды. Атап айтар болсақ, подполковник Жұмабеков Дәулет бастаған отызға жуық сарбаз Балқаш қаласындағы Авиациялық базасының аумағындағы әскери нысандарды күзетуге жол тартса, подполковник Салимов Мараттың басшылығымен Материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының сарбаздары Приозерск гарнизоныныа қарасты Артиллериялық базаның нысандарын күзетуде қырағылық танытты.


14 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

コメント


bottom of page