top of page
Думан Құрманғалиев

Бірлік түбі - береке!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні


Әр жыл сайын, барша қазақстандықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтіп келеді. Дана халқымызда: «Бірлік болмай тірлік болмас» - деген қанатты сөз бар. Береке бастауы бірлікте қағидасын ұстанған көп ұлтты Қазақстанның халқы үшін бұл мейрамның алатын орны ерекше. Осы мереке күніне орай, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімінде салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты жиында «Біздің күшіміз – бірлікте!» тақырыбымен 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Абеков Жасұлан Садуұлы баяндама жасады. Лауазымды тұлға подполковник Жасұлан Садуұлы: «Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ халқының салт-дәстүріне және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Біздің басты мақсатымыз - халықтар арасындағы достықты нығайту, осы ретте Отан алдындағы мінсіз қызметтегі әскери қызметшілердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру болып табылады» - деп, жеткізді.

Сонымен қатар, жеке құрамға арналған мерекелік құттықтауда бөлімнің әскери қызметшілері подполковник Садиров Ахметжан Толкунович пен аға лейтенант Ларионова Ольга Сергеевна сөз сөйледі. Ал, әскери бөлімдегі Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар атынан сөз сөйлеген қатардағы жауынгер Тохташов Отабек Алишерұлы мінберге көтеріліп, жеке құрамға өзінің тебіренген сезімдегі құттықтау сөзін арнады. Атап айтсақ, қатардағы жауынгер Отабек Алишерұлы: «Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің таптырмас ең маңызды байлығымыз! Қазақ халқы әр кез өзінің бауырмал халық екенін көрсетіп келеді. Тарих қойнауының әрбір кезеңдерінде біздің елімізге пана іздеп келген басқа ұлт өкілдерін қазақ халқы жатсынбай бауырына басып, төрінен орын беріп, тіпті қиын-қыстау кезеңнің өзінде бір үзім нанды бөліп жеп, ауыр күндерден бірге аман қалды. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған кең байтақ қазақ жері – көп ұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгінгі күнде көп ұлтты Қазақстан халқы бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Біз де туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға бір кісідей атсалысайық!» - деп, жеке құрамға өзінің терең мағыналы ойын арнады.

Жиын соңында жауынгерлік даярлық пен мемлекеттік-құқықтық дайындығындағы алдыңғы қатарлардан ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мараптталып, оларға Мақтау қағаздары жеке құрам алдында салтанатты түрде табыс етілді.



51 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page