top of page
Думан Құрманғалиев

Көктемнің шуағы мен нұрын төгетін Наурыз мейрамы

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні


Әз-Наурыз – ізгілік пен қайырымдылықтың, мейірім мен жанашырлықтың мерекесі. Наурыз деген сөздің өзі – парсы тілінен аударғанымызда "нау" – "жаңа", "руз" – "күн" деген ұғымды білдіреді. Наурыз – халықты ұлтына, тіліне қарамастан, барша ел болып атап өтетін жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдыратыны анық. Биылғы 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесін Приозерск гарнизонының жеке құрамы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуына 30 жыл толу қарсаңындағы ерекше бір көтеріңкі көңіл күйде қарсы алды.

Дәл осы мереке күніне орай, Қарағанды облысы Приозерск қаласының Орталық алаңында қала жұртшылығымен бірге әскери қызметшілер де қазақ халқының дәстүрімен 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесін бір кісідей атап өтуге ат салысты. Төрге әдемі ою-өрнектелген киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылған алаңда қазақтың ұлттық ойыны мен басқа да спорт жарыстары ұйымдастырылып өткізді. Приозерск гарнизонының бастығы, 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Абеков Жасұлан Сәдуұлы бастаған бөлім командирлері 60601 әскери бөлімінің командирі полковник Қырықбав Данияр Нұрланұлы, 18405 әскери бөлімінің командирі Сазбаев Ержан Аянбекұлы және 44841 әскери бөлімінің командирі подполковник Бектаев Үмітәлі Серікұлы жеке құрамды құттықтады.

Орталық алаңда өнерпаз әскери қызметшілердің қатысуымен әсем әуенді ән шырқалып, домбырамен күй тартылды. Сонымен қатар, мың бұралған бишілер тобы да өнер көрсетті.

Ұлтық ойындары мен спорт жарыстарына қатысқан әскери қызметшілердің арасынан 44841 әскери бөлімінің жеке құрамы топ бастаушылардың қатарында орын алса, 06708 әскери бөлімінің, 44841 әскери бөлімінің және 18405 әскери бөлімінің спортшылары жекелей сындарда жүлделі орындарға ие болып, бағалай сыйлықтармен марапатталды.

Наурыз мейрамының қызықты сәттерін әскери қызметшілердің отбасы мүшелері де бірге тамашалады.

27 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page