top of page
Patriot Tulga

Оспан батыр

«Қазақ үшін сайтанмен сөйлесуге де бармын!»

Оспан Сіләмұлы



Оспан батыр – ХХ ғасырдың  алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қайысқан қалың қолдың алдында торға түскен Оспан батырдың аңызға бергісіз ерлік істері халық жадында сақталады.



Күрделі тарихи кезең


XIX-XX ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Ресей мен Қытай  мемлекеттерінің саясатына қарсы өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Оспан батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, шет жерде жүрсе де қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады. Жалпы күреске арнаған. Ол Қытай әскерлеріне қарсы жау жүрек ерлігі, мергендігі ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары  Қытайдағы Шыңжан өлкесінде болған ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Шығыс Түркістанның (ШТР) тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. 1951жылы 28сәуірде Оспан батыр тұтқындалып Үрімжіде атылды.

Оспан Сіләмулы(1889-1950) – xx ғ.  Қытайдағы Шыңжан өлкесінде болған ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Шығыс Түркістанның (ШТР) тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. 1951жылы 28сәуірде Оспан батыр тұтқындалып Үрімжіде атылды. Оспан батыр 1940- 1951 жылға дейін, ҚытайКСРОМоңғол әскерлерімен 11 жыл соғысқан. Батыр,  «мен ислам діні үшін атқа қондым» деген екен. Қазақ тарихында елі, отаны үшін қасиетті күреске түсіп басын бәйгеге тіккен батырлар аз болған жоқ. Солардың ең соңғысы және көрнектілерінің бірі Оспан батыр. 1899 жылы Көктоғай қаласында туылған Оспан батыр саналы өмірін туған халқының азаттығы жолында күреске арнаған. Ол Қытай әскерлеріне қарсы жау жүрек ерлігі, мергендігі және үздік соғыс тактикасымен көзге түсті. Америкалық тарихшы Линда Бенсон “Қазақтың алтын аңызы” деп атаған Оспан Батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістандағы қазақтарды езіп жаншып тұрған Қытай губернаторы Шың Шы Сайдан азат етуді мақсат етуді алдына қойды.

1945 жылы екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кезде үш ірі держава ( АҚШ, Ресей, Ұлыбритания) халықаралық жаңа тәртіп орнатуда ұсақ ұлттардың мүддесін құрбандыққа шалудан тайынбады. 1944 жылы Кеңес одағы ШТР-ды (Шығыс Түркістан Республикасы) құрды. Кеңес одағы «Ялта кеңесінде»  Моңғолияның дербестігін сақтауды алға тартты және араға Құрама Штаттарды салып Гомин үкіметін көндірді. Бірақ, Гомин үкіметі Кеңес одағының Манжуриядан уақытша шегінуін, Шынжаңды Қытай территориясы ретінде мойындауын және ондағы ұлттардың көтерілісіне қолдау білдірмеуін талап етті. Бұл талабы Кеңес одағы жағынан қабыл алынды. Ал, шын мәнісінде Кеңес одағы Алтай қазақтарының мүддесін бұл келісімнен бұрын-ақ құрбандыққа шалған еді. Оспан батырдың Шың Шы Сайға қарсы күресін Кеңес Одағы мен Монголия да қолдады. Өйткені, озбыр қытай әкім бастапқыда Сталинмен ауыз жаласқанымен екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылында немістер бір қатар жеңістерге жеткенде, одан бас тарта бастады. Сөйтіп 1943 жылы Оспан батыр Монголиямен келісім жасасып қару -жарақ және басқа көмектер алды. 1943 жылы шілденің 22 күні Бұлғында жасалған жиында Оспан батырды ақ кигізге орап, Алтай қазақтарының соңғы ханы деп  жариялады. 1944 жылы Әлихан Төренің жетекшілігінде құрылған Шығыс Түркістан Ислам Республикасының Алтай әкімі болып Оспан батыр сайланды. Сөйтіп ұйғыр – қазақ ұлттық мемлекетінің іргетасы қаланды. Бірақ бұл жағдай Кеңес Одағының мүддесіне қайшы болатын. Сондықтан Сталин қазақ күштері арасына іріткі салды да, Кеңес Одағын жақтаушылар “Үш Аймақшылдар” аталды. Үш аймақшылдардан ат құйрығын кесіскен Оспан Батыр 1946 жылы көкек айында Бәйтікке барып орналасты. Бұл жерде Монғол әскерлерімен шайқасты. Бұл шайқастарда кейде жеңіп, кейде жеңіліс тапты. Әрине  бұл оқиға Монғолия мен Кеңес Одағын мазасыздандырды. 1947 жылы 5 маусымда Кеңес Одағының 500 әскері Оспанға қарсы шабуыл жасады.

  Оспанның ШТР-ға қарсы соғысы


ШТР қарулы куштерімен Сібеті деген жерде кездесіп, қақтытысады. Оспан колына Жылқыайдар бастаган 200 адам көмекке келеді. Ал, Оспанға қарсы 5 мын адамдык қарулы әскер жұмылдырылады. Бұлар негізінен Қобық 2-ші атты полкі мен Алтай атты полкінен құралады. Бул қосынды Дәлелхан Сугірбаев, Нусіпхан Қонбай, Жағда Бабалы қатарлы адамдар басқарды. Бұл соғыстан кейін Оспан қолы Бойтікке қарай шегінді. Сөйтіп Оспан батыр 1947 жылдың өзінде әлем назарын өзіне аударды. Алтайдың қазақтары ШТР әкімшілігіне бағынуды қаламады. ШТР үкіметі аймақтағы халықтың мүддесімен есептеспей, төңкерістік күштерді таратып, оның орнына сырттан келген 1000 адамдық төңкерістік күштерден «Алтай атты әскерлер полкін» құрды. Оспан батырдың үкіметтік орындарға ұсынған кандидаттары ШТР жағынан қабылданбады. Бұл Алтайдағы төңкеріс қаһармандарының еңбегін жоққа шығарумен бірдей болды. Оның үстіне Алтайдағы 83 мың халықтың 90 пайызын қазақтар құрап отырғанына қарамастан, үкімет басшылығы басқа ұлт өкілдерінен қойылды. Оспан батырдың келісімінсіз Алтайдың бірқатар аудандарына әкімдер тағайындалады. 1946 жылға Шынжаң біріккен үкіметі» құрылады. Оспан осы үкіметке Алтайдың уәлиі болып бекітіледі. 25 тұрақты мүшенің ішінде тек 3 қазақ, 8 ұйғыр болады. Келісімдердің бәрі ұйғыр мүддесіне шешілді. Бұрынғы ШТР-ның 30 мың адамнан тұратын армиясының тең жартысына жуығы Кеңес одағынан әкелінген әскерлер болғандықтан олар біріккен үкімет тұсында елдеріне қайтарылды. Кеңес одағының миссиясын орындаушы Әлихан төре де жасырын түрде Кеңес одағына қайтарылды.

 

Қытай қызыл армиясы мен ШТР әскерінің кездесуі


1946 жылы Кеңес одағы ядролық қару жасауға күш салған тұста, Көктоғайда мол уран қорын тауып, уран кенін ашады. Сол жылы Қытайда АҚШ қолдауындағы Гомин үкіметі мен Кеңес одағы қолдауындағы Компартия арасында азаматтық соғыс қайта жанданды. Құрама Штаттар Кеңес одағының ядролық қару өндіру, уран қорына ие болуына кедергі келтіру мақсатында Қытайдың Гомин үкіметі арқылы Алтайдағы төңкеріс жетекшісі Оспан батырмен байланыс орната бастайды. Сол жылы Оспан батыр Көктоғай мен Шіңгілдегі ел ағаларының басын қосып, жиын өткізеді. Содан бастап Көктоғай мен Шіңгіл халқы ШТР немесе біріккен үкіметке салық төлеуден бас тартады. Бұл дербестік алудың белгісі еді. Сол тұстағы үкімет басшылығындағы Дәлелхан Сүгірбаев пен Ысқақбек генерал Оспан батырды райынан қайтаруға да құлшынып көреді, бірақ бұл әрекеттері сәтсіз аяқталады.

Оспанның ШТР-ға қарсы соғысы 1946 жылы Гомин үкіметі Оспан батырдың қолын 400 бесатармен қаруландырады. Оспан бастаған қарулы топ 350 адаммен Бурылтоғайды басып алып, Сарсүмбеге бет алады. ШТР қарулы күштерімен Сібеті деген жерде кездесіп, қақтығысады. Оспан қолына Жылқыайдар бастаған 200 адам көмекке келеді. Ал, Оспанға қарсы 5 мың адамдық қарулы әскер жұмылдырылады. Бұлар негізінен Қобық 2-ші атты полкі мен Алтай атты полкінен құралады. Бұл қосынды Дәлелхан Сүгірбаев, Нүсіпхан Көнбай, Жағда Бабалық қатарлы адамдар басқарды. Бұл соғыстан кейін Оспан қолы Бәйтікке қарай шегінді. 1947 жылы Өр-Алтайдан Бәйтікке 1000-нан астам отбасы көшіп барды. Бұлардан мыңнан астам адам қаруланып, Оспан қолына қосылды. 1947 жылы маусым айында Моңғолия әскері Бәйтікке шабуыл жасап, Оспан қолынан жеңіліс тауып кері шегінеді. Бұл шайқастан кейін Оспан батырдың ықпалы тіпті кеңейіп, АҚШ-тың танымал басылымдары жаза бастайды және Үрімжідегі АҚШ Консулдығымен сөйлесулер басталады. Оспан батырдың қолына қарсы ШТР ұлттық армиясын салып, қазақ пен қазақты соғыстырғаны да тарихи деректерден көрініп отыр. ШТР үкіметіне қарасты адамдар кейін толықтай коммунистерге бағындырылады. Үкімет басшылары компартия жақтастары ретінде жоғары мансаптарға отырады. 1954 жылы ШТР-ға қарасты үш аймақты (Алтай, Тарбағатай, Іле) Кеңес одағы ұйғырлардың басшылығына берген болса, Шынжаңды бағындырғаннан кейін Қытай компартиясы ондағы қазақтар санының басымдығын ескеріп «Іле Қазақ автономиялы облысы» етіп құрады. Облыс басшысы болып ШТР үкіметінің жетекшілерінің бірі Дәлелхан Сүгірбаевтың ұлы Пәтіхан тағайындалады. Ал, 1950-1951 жылдары компартия билігіне қарсы оқ атқан Санжы, Баркөл өңірі қазақтардың санының басымдығына қарамастан (100 мыңға жуық қазақ мекендеп тұрған) қазақ автономиялы обылысы берілмейді. Тек, Мори, Баркол аудандарына ғана ұлттық автономия статусын береді. Қазір, Санжы (Бұрынғы Үрімжі аймағы) мен Баркөл жерінде 300 мыңнан астам қазақ мекендейді. ШТР үкіметіне қарасты 5000 әскердің Алтайдағы халыққа тізесі қатты батқандықтан, қыркүйек айында Оспанның қол бастаған батырларының бірі Қапас Тіркесұлы мыңнан астам жасағымен Алтайға шабуыл жасап, ШТР жасағының басым көбін жойып,  аймақты басып алады. Бірақ, бір айдан кейін ауыр қарумен қаруланған ШТР мен Кеңес әскері қайта шабуыл жасап, Оспан қолы Алтайдан тағы шегініп шығады. Осы жолы 19 мыңнан аса халық Оспанмен ере көшіп Боғда бетіне қоныстанады. Осымен бір уақытта Қалибек Сауан жерінде ШТР күштерімен соғысып Манасқа шегінеді. 1947 жылы қыста Оспан батырдың Қытай генералы Сұң Чилянға кездескені туралы генерал Сұңның өз естелігінде айтылған. Аталған естелікте Оспан батыр Сұң Чилянға былай дейді: «Мен Шыңжаң қазағымын, Кеңестегі Қазақтармен қанымыз бір туыспыз, Кеңестік төңкерістен кейін Кеңестіктер Россиядағы қазақтарға жантүршігерлік жаныштау жүргізді, көп адамды қырып, малын тартып алды, дінни сенімінен айырды. Қазір Шыңжаңдағы кей қазақтар сол зұлыматтан қашып келгендер, сондықтан біз Кеңес одағына кектенеміз!... Іле оқиғасында Әлихан төремен тоқтамға келіскемін... Кейін байқасам Іле төңкерісінің басшылары кеңестіктер екен, кеңестік Қазақ, Өзбек, Ұйғұр, Қырғыздар екен. Кейбірі Кеңестен оқыған, Кеңестің Құлжадағы консулы Құлжадағы оқиғанға басшылық еткен. Іле жақ мені өздерін қолдамайды деп ойлап менің көзімді құртпақ болды. Орныма Дәлелханды қойып сол арқылы менің орынымды бастырмақшы болды, сондықтан мен үкіметтін қолдау күтемін, олармен соңына дейін айқасамын!» деген. Бұдан Оспан батырдың қазақ ұлытшылы екені анық көрінеді. Оның қазақтарға зұлмат орнатқан қызыл империяға, коммунизмге жан-тәнімен қарсылығы байқалады. 1949 жылы АҚШ Гомин үкіметін қолдауын тоқтатты, Кеңес тарабы Қытай компартиясын жалғасты бар күшпен қолдады. Соның нәтижесінде Қытайда коммунистік партия билікке келді. Сол жылы қазанда қызыл армияның 100 адамдық қосыны Шынжаңға кірді. Шынжаңдағы Гомин армиясы оларға қарсылықсыз берілді. ШТР қуыршақ үкіметінің өкілдері болса коммунистерге Оспанды құбыжық, банды ретінде көрсетуге тырысты.

 

Оспан батырдың соңғы арпалыстары


Хасен Оралтай өз естелігінде Қалибек Хакім бастаған көтерілістен кейін де, Сауан жерінде Арыстанбай молда  бастаған көтерілісшілер қызыл армияға қарсы соғысып, соңында қолға түсіп атылғаны туралы айтады. Қызыл армия қолбасшысы Уаң Жін қолға түскен қазақ көтерілісшілерін түгелдей қырып салғанда, Қазақ атты полкінің генералы Закария Әшенұлы Уаң Жіннің бетіне түкіреді. Бұл ісі үшін генерал Закария Әшенұлы да атылады. Тәңіртаудың биігіне бекінген Оразбайды бағындыра алмаған қызыл армия, оған дүңған тамырын жансыз етіп жіберіп, соңында оларды қоршауға алып жояды. Дегенмен, осы соғыста неше мыңдаған қытай әскері ажал құшады. Алайда, бұл деректер ашылып айтылмайды, жазылмайды. Іле аймағында Тоғызтарау әкімі Жанболат Өсертіұлы да коммунистік қытайға қарсы көтеріліс бастап, соңында өлім жазасына кесіледі. Бұл көтерілісшілерден Мәлік ажы бастаған бір тобы Тибет асқан елге қосылмақ болып аттанып, жол ортада Қытай армиясының қолына түсіп қырылады. Оспан батырдың қолына қарсы ШТР ұлттық армиясын салып, қазақ пен қазақты соғыстырғаны да тарихи деректерден көрініп отыр. ШТР үкіметіне қарасты адамдар кейін толықтай коммунистерге бағындырылады. Үкімет басшылары компартия жақтастары ретінде жоғары мансаптарға отырады. 1954 жылы ШТР-ға қарасты үш аймақты (Алтай, Тарбағатай, Іле) Кеңес одағы ұйғырлардың басшылығына берген болса, Шынжаңды бағындырғаннан кейін Қытай компартиясы ондағы қазақтар санының басымдығын ескеріп «Іле Қазақ автономиялы облысы» етіп құрады. Облыс басшысы болып ШТР үкіметінің жетекшілерінің бірі Дәлелхан Сүгірбаевтың ұлы Пәтіхан тағайындалады. Ал, 1950-1951 жылдары компартия билігіне қарсы оқ атқан Санжы, Баркөл өңірі қазақтардың санының басымдығына қарамастан (100 мыңға жуық қазақ мекендеп тұрған) қазақ автономиялы обылысы берілмейді. Тек, Мори, Баркол аудандарына ғана ұлттық автономия статусын береді. Қазір, Санжы (Бұрынғы Үрімжі аймағы) мен Баркөл жерінде 300 мыңнан астам қазақ мекендейді. Оспан батыр атылғаннан кейін ұлы Шердиман Өр-Алтайға қайтып оралады. Бұған ілесе Боғдаға ауған бір қауым ел Алтайға орала бастады. Шердиман Оспанұлы төңірегіндегі рулардан 500 адамдық қосын құрып жалғасты күреске шығып, тек 1952 жылы ғана келісімге келді. Келісімнен кейін Қытай үкіметі Оспан батырдың ұлы денесін туыстарына қайтарып берді. 1957 жылға дейін Өр-Алтайдан ауған ел түгелге жуық өз мекендеріне оралды. Бір жылдан кейін «коммуна құрылысы» басталды. Бұл кезде Қалман Ақытұлы мен Дәлелхан балуан бастаған көтерілісшілер бас көтерді. Бұл көтеріліске де Көктоғай мен Шіңгілден 700-ден астам адам қатысты. Алайда, бір жылға жетпей көтеріліс күшпен жанышталып, көтерілісшілер Тарым лагеріне айдалды. 1951 жылы Тибет жеріне ауған елдің көтерілісі де осы жылы әрең толастайды. Гансуда «Ақсай Қазақ Автономиялы ауданы» құрылады. Осылайша Қытайдағы қазақтардың ұлтазаттық күресі толықтай тоқтайды.

Оспан батыр туралы тек қазақ зерттеушілер емес, сонымен қатар шетелдік ғалымдар да көптеген мақала және кітаптар жариялады. Батырдың күрескерлік даңқы туралы дастандар өмірге келді. Америкалық тарихшы ғалым Линда Бенсон Оспан батыр жөнінде “Қазақтың алтын аңызы» атты көлемді бір мақала жазып, онда былай дейді: «Оспан батыр – өзінің бұрынғы өткен бабалары Шыңғыс хан, Әмір Темірлер сияқты аса құдіретті қолбасшы. Егер ол орта ғасырда өмір сүрген болса, сөзсіз әлемді жаулайтын жиһангер болар еді.     


Оспан батырдың қолға

түскендегі суреттері

         

  Жалпы, Оспан батырдың түр-тұлғасы мен мінезінің ерекшелігін ол жайында жазылған естеліктер­ден көруге болады. Жазушы Сейітхан Әбілқасымның “Оспан батыр” деген тарихи 2 томдық  романынан мен  “Оспан атамыздың қасиеттерін оқып зерттегенде,  ол  - өте қарапайым, кішіпейіл, өзін жоғары ұстамайтын,  бұлданып, бәлсіну, шендену сияқты пиғылы болған емес екен. Соғыс кезінде де қол астындағы сарбаздарға қатал ескертіп әмір бергенімен, өзі солардың алдыңғы қатарында жүреді. Көбінде асқан ерлік көрсетіп, атой салып жападан жалғыз жау шебін бұзатын кездері жиі кезігетіндігі жайлы суреттеп жазған. Ал, өзімнің атамның айтуы бойынша батыр ерен тұлғалы, кең маңдайлы, шаш қоймаған екен. Атжақты, қыр мұрын­ды адам болыпты. Үлкен қара көздерінен әрқашан от ша­шып тұрған. Ол тесіле қара­ғанда өңменінен өтіп кете­тін­дей өткір болған, -деп айтқан еді. Сондай-ақ атамның айтуы бойынша батыр атамыз Қытай қазақтарын бергі жаққа көп өткізгенін де білдім. Оспан Батыр туралы алғашқы деректер 1950 және 1960 жылдарда Түркия қазақтарынан алынған еді. Өйткені онымен көтеріліске қатысқан батырлар Түркияға қашып, сол жерден пана тапқан екен. Солардың бірі, батырдың үзеңгілес досы Нұрғожай батыр:- Оспан батыр оқымаған­мен, дінге сенімі берік, қашанда шындықты ұстанып, жаны өтірік пен екіжүзділікке қас болған. Өзі аз сөйлеп, тыңдағанды жөн көре­тін. Ешқашанда еш­нәр­се­­ден қорық­пай, қандай қауіп-қатер болса да сабырлық сақтай­тын- деп, айтқан екен. Батырдың ұрпақтары туралы да көп деректер зерттедім, нәтижесінде Оспан батыр атылғаннан кейін ұлы Шердиман Өр-Алтайға қайтып оралған екен. Бұған ілесе бір қауым ел де Алтайға оралған. Шердиман Оспанұлы төңірегіндегі рулардан 500 адамдық қосын құрып күресті жалғастырған, тек 1952 жылы ғана келісімге келді. Келісімнен кейін Қытай үкіметі Оспан батырдың ұлы денесін туыстарына қайтарып берді. 1957 жылға дейін Өр-Алтайдан ауған ел түгелге жуық өз мекендеріне оралды. Бір жылдан кейін «коммуна құрылысы» басталды. Бұл кезде Қалман Ақытұлы мен Дәлелхан балуан бастаған көтерілісшілер бас көтерді. Бұл көтеріліске де Көктоғай мен Шіңгілден 700-ден астам адам қатысты. Алайда, бір жылға жетпей көтеріліс күшпен жанышталып, көтерілісшілер Тарым лагеріне айдалды. 1951 жылы Тибет жеріне ауған елдің көтерілісі де осы жылы әрең толастайды. Гансуда «Ақсай Қазақ Автономиялы ауданы» құрылады. Осылайша Қытайдағы қазақтардың ұлт-азаттық күресі толықтай тоқтайды. 

Оспан батыр қазақ халқының ХХ ғасырда әлем назарын аударған ұлы тұлғаларының бірі болып табылады. Оның ерлік күресі мен алға қойған мақсатын туған халқы ешқашан ұмытпақ емес. Сондай-ақ, мен, Оспан бабамыздың ерліктерін жинақтап, зерттеп, кейінгі ұрпақтарға, жастарға насихаттауды мақсат еттім. Болашақта зерттеу жұмысымды жалғастырамын деген ойдамын, себебі қазіргі таңда батыр туралы тың деректерге ден қойып жүрмін.

 



Оспан батырдың зираты, Алтай аймағы Көктоғайауданы, Күрті ауылындағы  Қалбағай жері.

 

 



Гульнаписа АХМЕТОВА,

Алматы технологиялық колледжінің

тарих пәнінің оқытушысы



Пайдаланған әдебиеттер

Ж.Шәкенұлы құрастырған «Оспан» кітабы.

2010 жыл, Тұран баспасы, Алматы, 2010 жыл.

 

3. Бекен Қайратұлы, «Егемен Қазақстан» 2008 жыл

5 просмотров0 комментариев

Comments


bottom of page