top of page
Думан Құрманғалиев

Отан қорғаушылардың қуанышты күні

7 мамыр-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне-30 жыл!

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Приозерск гарнизонында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын болды. Биыл, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына – 30 толса, батыр жауынгер аталарымыздың Ұлы Отан соғысындағы қол жеткізген Ұлы Жеңіс күніне 77 жыл толуына куә болудамыз. Саланатты жиынға Приозерск гарнизонындағы орналасқан әскери бөлімдердің жеке құрамы қатысты.

Салтанатты жиынды Приозерск гарнизоны бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Дәулет Жумабеков ашты. Мерекелік бас қосуда Приозерск гарнизонының бастығы, 06708 әскери бөлімінің командирі полполковник Жасұлан Абеков «Тәуелсіз Қазақстанның айбынды армиясы!» тақырыбында баяндама жасады. Жеке құрамға арналған баяндамасында подполковник Жасұлан Садуұлы:

«1992 жылы 7 мамыр күні Тәуелсіз еліміздің төл армиясы құрылды. Бұл күн кейіннен еліміздің күнтізбесіне «Отан қорғаушылар күні» - деп, мәңгілікке жазылды. Қарулы Күштеріміз озық үлгіде құрылып, аяғын нық басты. Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі болып, Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов тағайындалды.

Айбынды армиямыздың әскери қызметшілері Қазақстанның кең-байтақ жерін жанқиярлықпен қорғап қалған батыр аталарымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігінен үлгі алып алып келеді. Қазіргі таңда төл әскеріміз егеменді еліміздің берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді» - деп, өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді.

Келесі кезекте мерекелік салтанатты жиынның қонағы, Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев құттықтау сөз сөйлеп, қала тұрғындары мен әскери бөлім арасындағы қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар әскери қызметшілерді Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады. Қала әкімінің марапатына ие болғандардың қатарында

60601 әскери бөлімінің командирі полковник Д.Қырықбаев, 44841 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Р.Кабышев, 60601 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Е.Оспанов, 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға лейтенант Н.Бегалы, 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Д.Қойлыбаев, 18405 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Д.Тухтаев және 18405 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер К.Мырзалиев болды. Сонымен бірге, Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Ж.Абеков жауынгерлік даярлық пен мемлекеттік-құқықтық дайындығының үздік әскери қызметшілерін марапаттап, Мақтау қағаздарын табыс етті. Алдымен, Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Жасұлан Абеков көпшілік алдында Приозерск қаласының әкімі Сапар Қайыркенұлы Сатаевтың кеудесіне «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне – 30 жыл!» мерейтойлық төсбелгісін салтанатты түрде тағып берді.

Салтанатты іс-шара барысында Приозерск гарнизонына қарасты әскери бөлім командирлері бағынысындағы өздерінің әскери қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар офицерлік құрам мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне Алғыс жариялап, Мақтау қағаздарымен марапаттап, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне – 30 жыл!» мерейтойлық төсбелгілерін табыс етті.

Отан қорғаушылардың қуанышты күні мерекелік Концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарламаның бет-пердесін, Приозерск қаласындағы «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының домбырамен күй тартудың білікті маманы Айман Нұртаева жетекшілік ететін «Балбырауын» домбырашылар ансамблі ашып берсе, көркемдік жетекшісі Әсия Умарованың жетекшілігімен «Вдохновение» би тобы сахна төрінде тамаша өнер өрнегін көрсетті. Сахнадағы мерекелік ән орындауда

60601 әскери бөлімінің әскери қызметшісі капитан Б.Куланкадыров, 44841 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант С.Жалғасбаев, 18405 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Б.Сайрманов, 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер А.Кадиров, 44841 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Г.Шералиева, 06708 әскери бөлімінде қызмет ететін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы Ә.Болатқанқызы және «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының әншісі А.Курбанбаева асқан белсенділік танытты. Сонымен қатар Отан қорғаушылар күніне орай, көпшілік алдында ән салған «Приозерск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының сыныбында білім алып жүрген 6 «в» сынып оқушысы Ақнұр Алмаханбет пен 3 жасар талантты Айару Сейтқали көрермен көзайымына айналып, көпшілік қошеметіне бөленді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Приозерск гарнизонындағы

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған Концерттік бағдарламаның соңында сөз сөйлеген Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Ж.Абеков жеке құрам атынан тамаша өнер көрсеткендердің барлығына шексіз алғысын білдіріп, сахна өнеріндегі белсенділік танытқан өнерпаздарды Мақтау қағазымен марапаттады.


90 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentarios


bottom of page