top of page

Тәуелсіздіктің ақ таңы


25 қазан – Республика күніне орай, Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебековтың ұйымдастыруымен, Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қалалық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ерлік сабағы өткізілді. «Қазақстан – Республикам менің!» тақырыбындағы ерлік сабағына білім ошағының білікті де тәжірибелі ұстазы Шербаева Нағашыгүл Тоғызбайқызы жетекшілік ететін 8 «ә» сыныбының оқушылары тартылды.

Ерлік сабағының тізгінін ұстаған ардагер аға Тілек Алшымбекұлы: «....Бұл күн біздің еліміз үшін Тәуелсіздіктің атқан ақ таңы болып табылады. Өйткені, Қазақстан Республикасы өз алдына еркін ел болу жөніндегі құжатты қолына алды. Бүгінде біздің Тәуелсіз Қазақстанымызды әлемнің көптеген елі таниды. Бәріміз әр кез көп ұлтты да, кең байтақ Тәуелсіз Қазақстан елін мақтан тұту керекпіз!» - деп, білім нәрімен сусындап жүрген оқушы жүрегіне ой салды.

Мектеп оқушыларына заманауи интерактивтік тақта арқылы «Егеменді еліміздің келбеті» тақырыбындағы деректі фильм көрсетілді. Ерлік сабағының ел тарихына шолу жасау барысында мектеп оқушыларының қатарынан Сулейменов Шахнұр, Көлдей Әнел, Тайшыман Жандәулет және Сәкен Еңлік асқан белседілік таныта білді.

Аса жоғарғы деңгейде өткен ерлік сабағынан кейін, сынып оқушылары ардагер аға Т.А. Кенжебековты ортаға алып, естелік фотосуретке түсті.



лейтенант

Думан Құрманғалиев,

Приозерск гарнизонының

баспасөз хатшысы

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
Қыз еркем анасымен көркем

М. Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай “Қыз еркем анасымен көркем” ток- шоу...

 
 
 

Comments


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page