«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы осыдан бес жыл бұрын өмірге келген болатын. Онда ұлттың жаңа тарихи кезеңдегі басты мақсаты – мемлекеттің және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының негізінді барша руханиятты жаңғырту, рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру, әлемнің дамыған отыз елдің қатарына ену көзделген. Оның алғашқы қадамдары 2014 жылы басталған. Қазақстан азаматтарының рухани деңгейін жоғарылату, мәдени ерекшелігін дамыту және бәсеге қабілеттілігін қалыптастыру басты мақсат етіп қойылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы ең алдымен қоғамды біріктіруші мүмкіндікке ие, сол себепті өзекті. Оның контекттік бөлімінен саяси ұрандар, үндеулерді көрмейміз. Бірақ біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген және адамдардың көбшілігі ұстанатын қағидаттар басшылыққа алынған. Екіншіден, жас буын, ересек адамдар, аға буын өкілдері рухани жаңғыру принциптерін тиісінше қабылдады, өйткені бұл адам капиталының дамуына ықпал ететін. Үшінші өзектілік, басты идеология белгілі бір мақсатқа бағытталғандығында. Бұл жақсы өмір сүргің келсе және жақсы ортада қоғамға пайдаңды тигізгің келсе өзгерістерге дайын бол дегенді білдіреді. Келесі өзекті тұсы бағдарлама әлем туалы және өзара күрделі байланыстағы Қазақстанның ондағы орны туралы ортақ көзқарасты қалыптастырады. Бесіншіден, бағдарламаның мазмұндық бөлімі мемлекеттік саясаттың ілкіде белгіленілген мақсаттары мен жалпы міндеттері тұлғаға қатысты қайшылықта емес. Тарих мемлекет, әлеумет, адамдар белгілі бір идеологиясыз өмір сүре алмайтынын көрсетті. Жоғарғы сұранысқа ие болу үшін нақтылы идеяға рәсімделген, айқын бейнеленген принциптерге сүйену, жаңарып, дамып отыру қажет. Ілгерілеуге ішкі ұмтылыс – дамуымыздың басты қағидасы. Сондықтан «Қазіргі қоғамда мемлекет болып қалу үшін, мемлекет өзгеріске бейім болуы керек. Бұған қабілетсіз мемлекет мұны істемесе, тарихта өз орнын жоғалтады» деген қағида ақиқатқа үйлесімді.
«Рухани жаңғырту» бағдарламасында алты бағыт белгіленілген. Оның алғашқысы – бәсекеге қабілеттілік. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі әрбір жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінен басталады. Бұл жалпы еңбек қоғамының қалыптасуына рухани, кәсіби, құзыреттілігіне т.б жақтарынан өсу Қазақстан халқының алдында тұрған мақсаттардың бірі. Себебі, елдің бәсекелестік қабілеті жоғары болған сайын осы елдегі өмір деңгейі де жоғары болады.
Прагматизм. Өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай білу, астамшылдыққа, ысырапшылдыққа, даңғойлыққа жол бермеу. Ұстамшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік адамдардың көргенділігінен туындайды. Бұл ұлт байлығын тиімді пайдалану, оның мүмкіндіктерін терең білу және болашаққа пайдасы тиетіндей етіп жоспарлау. Мұндай өмір сүру философиясы бәсекелестікпен, қабілеттілікпен өріліп жатады. Білім сапасы мен жаңа сана үлгісі, өмір салты мен адами қарым қатынас сана ашықтығын айқындайтын парадигмаға айналады.
Қоғам санасын жаhандандыруда ұлттық біртектілікті, ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтау маңызды бағыттар болып табылатыны сөзсіз. Ал бұл ұлттық құндылықпен, патриозмді күшейтуге әсер етеді. Яғни ары қарай жас ұрпаққа ұлттық тарихты, мәдениетті үйрету қажеттілігін туғызады.
Қазіргі қоғамда жас буынға тарихымызды тереңірек сіңіруіміз керек. Мысалы, біздің ата-аналарымыз кеңестік дәстүрлермен өсті, сол кездегі талап пен танымды мойындады. Қазіргі жастар кеңестік кезең туралы аз біледі. Ол кезеңнің ағаттықтары мен асыра сілтеушіліктерін жас буын жақсы білуге тиіс. Рухани жаңғыру бағдарламаның атауы да халықтың ата-баба тарихын біле отырып, басқаша ойлауды игеруін меңзейді. Тіпті қазіргі кезде кеңестік дәуірінің ұрпақтары жаңаша ойлана бастады, яғни өзінің оң нәтижесін беріп жатыр.
Бағдарламада «Өзіміздің ұлттық әдет-ғұрыптарымыз тілімізбен, тарихымыз, музыка, салт-дәстүріміз – бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бізбен мәңгі бірге болуы керек» деп көрсетілген. Патриоттық сезімді қалыптастыру сананы жаңғыртудың негізгі мақсаты. Туған жерге деген сүйіспеншілік, өз ауылына, отанына деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Бұл кез келген ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын мәдени код негізі болып табылады. Ендігі ретте, ұлт құндылығын сақтау отырып, білімді, көзі ашық, көкірегі болуға ұмтылу. Себебі, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздысы – білімнің салтанат құруы. Қоғамның негізгі басымдықтары – білім, білімге деген құштарлық, жоғары деңгейлі білімділік, себебі, бұл қоғамның дамуының кепілі. Егер құндылықтардың бастысы білімділік болса, онда сол ұлтты көптеген жетістіктер күтіп тұр.
Бағдарламада қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидалары аталып қана қоймай, «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Ауыл – ел бесігі», «100 жаңа есім», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» нақты жобаларды жүзеге асыру талап етілген. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының мақсаты – халықтың ұлттық танымындағы киелі, сакралды ұғымдарының мәнін қалыптастырып, туризм мен рухани жадты байланыстырған мекендерді анықтау. Ұлттық құндылықты киелі географиямен толықтырса, жаңаша ойлаудың, заманауи танымның белгілері қалыптаспақ.
Бағдарламада "Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығаратын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы" делінген. Осы ой-түйін болашақ бүкіл идеологиялық түп-төркінін анықтап бергендей. Яғни, қазақ халқының рухани-мәдени өмірі мен адамзаттық өркениетке қосқан үлесі жетерлік әрі бұл қазақ ұлтының жаһандық бәсекеге төтеп бере алатын халық екенін дәлелдеп берді.
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.
Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.
コメント