Қыз еркем анасымен көркем
- Patriot Tulga
- 10 апр.
- 1 мин. чтения
М. Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай “Қыз еркем анасымен көркем” ток- шоу өткізілді.
Ток- шоудың мақсаты: Халқымыздың әдет- ғұрыпын сақтау, қадірлеу. Қыз бен ана арасындағы қарым-қатынас, тәрбиенің маңызы. Болашақ қыздарымыздың тәрбиелі, өнерлі болып, анасына қолғанат, инабатты, ибалы, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтейтін, көргенді қайтпас қайсар қыздарын тәрбиелеп отырған мейірімді ата- аналардың қыз бен ана арасындағы тағылымды тәрбиені насихаттау. «Өнер саңлақтары», «Қазақтың ақын- жазушы қыздары», «Спорт арулары», «Тарихтарғы ұлы аналар», «Қазақтың батыр қыздары» атты кітап көрмелері қойылып, таныстырылды. Шара барысында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтау бейнебаяны көрсетілді. Анасы мен қызы туралы сахналық көріністен бастау алды. «Сәлем сөздің анасы» келген қонақтарымыз өздерінің отбасымен таныстырып, қыздарының жеткен жетістіктерін айтып өтті. «Білгенге маржан» салт- дәстүрге байланысты мақал- мәтелдердің жалғасын тапты. «Өнерлі өрге жүзер» аналары мен қыздары өз өнерлерін көрсетті. Кітапхана оқырманы Әділгерей Н. «Ана» әнін орындады. Қазіргі қоғамдағы ана мен қыздың бір- бірін түсініспейтін жағдаятты бейнебаян арқылы көрсетіп, аналар өз пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті. Оқырмандарымыз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің атынан алғыс хаттар мен гүл шоктары табысталды.
Жәлелова Назерке Абатқызы
Михаил Ломоносов атындағы
қалалық орталық кітапхана меңгерушісі
Comments