top of page
Жәлелова Назерке Абатқызы

Ұлы даланың ұлы күйшісі


Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен

жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кемде емес. Сондай дарын

иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина

Нұрпейісова.

Дина Нұрпейісова – қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің

бірі. Оның есімі Қазақстанның түкпір- түкпіріне тіптен Одақ көлеміне де кеңінен

мәлім. Халық Динаны ел арасынада кең тараған дәулескер күйші әрі тамаша

домбырашы ретінде біледі. Ұлы Құрманғазының қадірлі шәкірті, лайықты мұрагері

халықтың аспаптық шығармашылығын тамаша дәстүрін табыс еткен ғажайып

дарын иесі.


Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада 2021 жылдың 5 шілде күні

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Күй

анасы - Дина» тақырыбында библиофейшен өткізілді. Бұл шараға кітапхана

оқырмандары Маденов Асылжан, Абильдаев Диястың орындауындағы қазақ

ұлтына дарыған бірегей өнердің аспанына шарықтап, мәңгіге қадірі тарамайтын

туындыларын туған елге тарту еткен Дина Нұрпейісованың күйлері әлеуметтік

желіге ұсынылды.

Дина – қазақ халқының тарихынан орнын ойып тұрып алған жан. Ерен еңбегі,

қазақ музыкасына қосқан үлесі әрқашан халқының жадында. Дина қазақ

музыкасымен, қазақтың күмбірі бөлек күйлерімен мәңгі жасай бермек. Қазақ дейтін

алып халық барда күйшінің аты ешқашан өлмейді. Өнерлінің туған күні болғанмен,

өлген күні болмайтыны әмбеге аян. Талай тектіні, небір күйшілерді тудырған қазақ

даласы әлі талай мықтыларды тудырары анық... Оған болашақ тарих куә болмақ...

Аты аңызға айналған біртуар анамыздың мұрасын қастерлеп, есімін аялай

білейік!

52 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page