top of page

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Тарих сабақтары және ардагерден өсиет


 Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығы аясында ардагер Анефияев Көлбай ақсақалмен кездесіп өсиеттерін тыңдап, батасын алдық. Осы маңызды күнге орай, тұрақты даму мақсаттары аясында «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағытында арнайы ұйымдастырылған кездесу сәтті өтті. Бұл іс-шара тарихи кезеңді еске ала отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, әлеуметтік әділдік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 100 жастағы абыз қария Анефияев Көлбай ақсақалдың Алматы қаласындағы мемлекеттен сыйға берілген үйіне барып, өсиетті әңгімелерін тыңдап, ой түйдік.

       Анефияев Көлбай ақсақал : «Соғыс – бұл тек қана қасірет емес, сонымен қатар біздің тарихымыз. Біз өткенімізді ұмытпауымыз керек, себебі ол бізге болашақта дұрыс шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бүгінгі күнгі  «бейбітшілік»- түсінген адамға  ең үлкен байлық. Біз бір-бірімізбен тату-тәтті өмір сүруіміз керек. Келісім мен түсіністік арқылы ғана біз қоғамымызды дамыта аламыз. Қазір жастар  білім алуға, өздерін  дамытуға тырысулары керек.  Қазіргі заман адам күшін біліммен есептейді, білімді жастар – бұл болашағымыздың кілті», - деп қария ойлана сөйледі. Атамыз батыр ардагер ғана емес, ата-баба шежіресі туралы да жастарға үйретуден жалықпаған  мәуелі бәйтерек, тарих көзі. Көлбай ақсақалдың айтқан мәнді сөздері жастарға, қоғамға үлкен тәрбие береді. Атаның өмірлік тәжірибесі мен даналығы бізге әрдайым үлгі болып табылады. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кездесу тек өткенді еске алу ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағдар жасау алаңы болды деп айтуға болады. Бұл іс-шара екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алумен қатар, тұрақты даму мен бейбітшілікті нығайту бағытында нақты қадамдар жасауға шақыратын маңызды шараға айналды.

   Көлбай ақсақалдың айтқан ойлары мен өнегелі сөздері, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері ретінде, жастарға, қоғамға және өмірге деген терең түсінігін көрсетеді.

 

Көлбай ақсақалға мемлекет тарапынан арнайы сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетіліп тұрады. Айта кетер болсақ, мемлекеттік қарулы күштер қызметі тарапынан құттықтаулар мен алғыстар жыл сайын жалғасын табуда.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты арнайы салтанатты шеру жасап, Көлбай ақсақалға құрметтерін білдірді. «Сіздердің ерліктеріңіз – ұрпақ үшін мәңгі өнеге. Отанды қорғаудың нағыз үлгісін көрсеткен өздеріңізге өмір бойы қарыздармыз. Қазақ елінің бейбітшілігі баянды болсын», деген алғыс сөздерін айтқан болатын. Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскери қызметшілері соғыс ардагерлерінің дәстүрлерін абыроймен жалғастырып, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның болашағының жарқын болуына күш-жігерін салып, бейбіт еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне қызмет етуде.    



1 сурет: Генерал, полковник Руслан Жақсылықовтың атынан жолданған алғыс хаттардың табысталу сәттері (2024 жыл)


2 сурет: Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлері әскери институтының атынан құттықтау сәтінен көріністер



 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

                                                  «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы 

«Мәдениеттану»  білім беру бағдарламасының

1-курс доктаранты Қ.Ж.Тулақбаева

Педагогикалық практика жетекшісі:

                                             Ph.D. аға оқытушы С. М. Каупенбаева

Ғылыми жетекші:А.Р. Маслимова

                                                     https://farabi.university 

 

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
Қыз еркем анасымен көркем

М. Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай “Қыз еркем анасымен көркем” ток- шоу...

 
 
 

Comments


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page