top of page

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті: Қазақстанның ғылым және инновация орталығы


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның ең көне және беделді жоғары оқу орындарының бірі. 1934 жылы құрылған бұл университет елдің жетекші білім беру және ғылыми орталығы болып табылады. Университет аты әлемге әйгілі шығыс философы әл-Фарабидің есімімен аталып, өзінің жоғары академиялық және интеллектуалдық стандарттарға бейілділігін көрсетеді. ҚазҰУ өзінің жүз жылға жуық тарихында шағын оқу орнынан Орталық Азиядағы ең танымал университеттердің біріне айналды. Бүгінде ол QS World University Rankings сияқты халықаралық рейтингтерде жоғары орындарға ие болып келеді. ҚазҰУ бакалавриаттан бастап докторантураға дейінгі түрлі білім беру бағдарламаларын ұсынады. Университет құрамында 16 факультет жұмыс істейді, онда ондаған мың студент білім алады. Оқытушылар құрамында жетекші ғалымдар, профессорлар және әлемнің түкпір-түкпірінен келген мамандар бар. Ғылыми-зерттеу қызметі – ҚазҰУ дамуының басты бағыттарының бірі. Университет халықаралық зерттеулерге белсенді қатысып, инновациялық технологияларды енгізіп, Қазақстанның дамуына үлес қосатын ғылыми жобалар әзірлейді. ҚазҰУ-да жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған бірнеше ғылыми орталықтар мен зертханалар жұмыс істейді. ҚазҰУ шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдармен және халықаралық қорлармен тығыз байланыста. Студенттер мен оқытушылар академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, тағылымдамаларға және ғылыми конференцияларға тұрақты түрде қатысады, бұл олардың жаһандық ғылыми қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді. ҚазҰУ-дың ең үлкен артықшылықтарының бірі – оның заманауи инфрақұрылымы. Алматының көрікті аймағында орналасқан университет кампусында оқу ғимараттары, кітапханалар, зертханалар, спорт кешендері және жатақханалар бар. Университетте студенттік ұйымдар, клубтар және мәдени шаралар белсенді дамып, білім алуға және тұлғалық өсуге қолайлы орта қалыптастырады. ҚазҰУ-дың "Философия және саясаттану" факультетіне қарасты "Дінтану және мәдениеттану" кафедрасындағы "Мәдениеттану" білім беру бағдарламасының орны ерекше. Бұл бағдарлама болашақ мамандарға жаңа идеялар мен тың көзқарастар қалыптастырып қана қоймай, ұлттық мәдениетті сақтау мен дамытуға зор үлес қосуға мүмкіндік береді. Мәдениет – халықтың рухани байлығы, тарихы мен болмысының айнасы. Жастардың мәдениетке деген қызығушылығы – ұлт болашағын айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Өркениетті, дамыған елдердің қатарына ену үшін мәдени құндылықтарымызды сақтап, діни сауаттылығымызды арттыру аса маңызды. https://farabi.university Әлемдік мәдени құндылықтармен алмасу арқылы еліміздің мәдени әлеуетін көтеруге және білікті мамандар даярлауға "Дінтану және мәдениеттану" кафедрасы жылдар бойы үлкен үлес қосып келеді. Осы бағытта үздіксіз ізденіспен қызмет атқарып келе жатқан кафедра ұжымы тәжірибелі, жоғары санатты, білікті оқытушы мамандардан құралған. Кафедраның білім сапасын арттыруға зор үлес қосып келе жатқан кафедра меңгерушісі м.а., PhD, аға оқытушы Каупенбаева Самал Мұхаметәліқызының, философия ғылымдарының докторы, профессор Исмагамбетова Зухра Нұланқызының, философия ғылымдарының докторы, профессор Жолдубаева Ажар Қуанышбекқызының, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Өмірбекова Әлия Өмірбекқызының, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Аликбаева Маржан Башанқызының және басқа да оқытушылардың еңбегі орасан зор. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – бұл тек университет қана емес, білім, ғылым және инновация экожүйесі. Жоғары білім деңгейі, ғылыми жетістіктері және халықаралық ынтымақтастығының арқасында ол әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлайтын Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны болып қала бермек.


Оралқұл Әли Саинұлы

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
Қыз еркем анасымен көркем

М. Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай “Қыз еркем анасымен көркем” ток- шоу...

 
 
 

Comments


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page