top of page
Patriot Tulga

Өз ісінің майталманы

Әскери қызметті жетік меңгерген білікті мамандардың айтуы бойынша әскер саласындағы сапер мамандарының минаны залалсыздандыру жұмыстарында айтарлықтай күрделілік байқалмайтыны анықталған. ...Дей тұрғанмен де, саперлердің басты міндеті өзгелердің жолын ашып, табан астындағы жарылғыш заттардан қорғау болып табылады.Әскери саланың осы бір жауапты қызметінде майор Еркінбек Байбукашев көп жылдан бері тынбай қызмет етіп келеді, Қазіргі таңда даланы минадан залалсыздандырудың білікті маманы Еркінбек Қапазұлы «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің инженерлік қызметіне көп жылдан бері басшылық етіп келеді.

«Саперлердің қателесуге қақысы жоқ» - деп те жатады. Тіпті, сапердің батыр тұлғасына айналып кетуінің өзін жоққа шығара алмайды екенбіз. Керек десеңіз: «...іске кіріскен сәттен бастап, сапердің бойы үйренгенде қорқыныш сезімі сейіле бастаса, саперге одан әрі бұл мамандықпен қош айтысқаны жөн», - деп бағаланады екен. Алайда, осы айтылғанның ешбіріне қарамастан, майор Е.Қ. Байбукашев асқан жауапкершілік танытып, үзбей қызмет етіп келеді.жерлердегі жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерден тазарту жұмыстарына қатысып, асқан жауапкершілік танытты. Күні бүгінге дейін, Қарағанды облысында орналасқан «Сарышаған» полигонын минадан залалсыздандыру мен оқ-дәрілерден тазарту жұмыстары асқан жауапкершілікпен атқарылып келеді.

Инженерлік-саперлік қызмет саласын толық меңгерген Еркінбек Қапазұлы: «Аса қауіпті де жауапты қызметте көп жылдан бері қызмет етіп келемін. Басты мақсат – алға қойған тапсырмаға асқан жауапкершілік таныту. Бізде «сапер маманы бір-ақ рет қателеседі» деген тәлсім сөз бар. Сапер маманы үшін тапсырма алу бір бөлек, ал оны орындау өте батыл қимыл жасауды қажет етеді», - деп ойын тарқатты.


Қазіргі таңда майор Еркінбек Байбукашев отбасындағы жұбайы Мәдинамен бірге 2 ұл және 3 қызға ұлағатты тәрбие беріп келеді. Жанұядағы үлкен ұлы Жомарт пен екіншісі Әділ әке жолын қуса, игі іс болар еді. Ержетіп, әскери боламыз деп армандаған болса, жолдары ашық болуын тілейміз! Жұбайы Мәдина жеке кәсіпкерлік қызметінде Приозерск қаласының тұрғындарын ыстық нанмен қамтамасыз етіп жүр. Тату-тәтті отбасы тәрбиесінде жанұядағы Алтынай, Адина және Баян есімді қыздары да өнегелі тәрбиемен бойжетіп келеді.

Ендеше, әскери сала қызметінің маманы майор Еркінбек Қапазұлы Байбукашевтың отбасына амандық-саулық тілейміз! Отан алдындағы мінсіз қызметте табыстан табысқа жете беруіне шын жүректен тілектеспіз!



Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Думан Жұмашұлы

7 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page