Patriot-tulga.kz
Тура биден туған жоқ
Дөнен би
Жетісудың малға-жанға жайлы, өзенді,көлді баурайын көкорай шалғын жапқан, тау-тасы мен даласы талапты жанның тірлігіне құт беретін Жаркент өңірі тарихи оқиғалардың кейіпкерлеріне өте бай болып келеді. Б.з.д.III ғасыр мен б.з. IV ғасырына дейін 700 жылдай өмір сүрген Орта Азиядағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестік күшті әскері мемлекеттік құрылымы болған.
Мөңке би
Мөңке би – XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында өмiр сүрген тарихи тұлға. Әкесiнiң есiмi – Тiлеу. Орыс жазба деректерiндегi мәлiметтер Мөңке бидiң Әлiмұлы тайпаларының iшiндегi ықпалды билердiң бiрi болғандығынан хабар бередi. Сонан кейiн оның аты Алаш зиялылары М.Ж.Көпейұлы, А.Байтұрсынов және Ж.Аймауытов шығармаларында кездеседi. Ол туралы аңыз-әңгiмелер, өлең-толғаулар тек Кiшi жүз iшiнде ғана емес, бүкiл қазақ даласында кеңiнен таралған.
Саққұлақ би
Саққұлақ би (шын аты Сәбден) 1800 жылы Ақмола облысының Ерейментау ауданында дүниеге келіп, осы жерде 1888 жылы дүние салды. Ол орта жүздегі арғын руының атақты биі, шешені болған. Қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі. Жасынан зерделі де, зерек болып өскен ол 12-13 жасынан әкесі Бапан бидің қасында жүріп, шешендік өнерін ұштаған, ел билеу ісіне араласқан. Баласының қабілетін сезген әкесі Сәбденді 15 жасында кішігірім дау-дамайды шешіп келуге жұмсаған. Ол 16 жасында сол өңірде шешендік атағы шыққан Байдалы бимен сайысқа түсіп, Байдалының “Құлағың неткен сақ еді” деген сөзінен кейін “Саққұлақ” атанып кеткен.
Бапан би
Бапан Тұраналыұлы Ақмола облысының Ерейментау ауданы жерінде қоныстанған Бөгенбай батырдың Тұраналы атты баласынан туған. Өмір сүрген дәуірі – ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы. Бапан – Бөгенбай батырдың тұңғыш немересі. Заманында елінің бас биі болған. Оның тамаша шешендік сөздері билік, кәсіп сөз ретінде, дала тәртібінің бұлжымас қағидасындай, бидің көзі тірісінде де, одан кейін де маңызды болған.
Қараш би
Жетісу жерінде ел-жұртқа белгілі Қараш есімді төрт адам болған. Оның алғашқысы Қараш Жарылқапұлы. Ол 1715 жылы туып, 1813 жылы 98 жасында дүние салыпты. Жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен батыр. Ұлы Жүз Шапырашты руының Есқожа тармағынан. Қараштың батырлығымен қоса қазақ-қырғыз арасына тату көршілік қарым-қатынас орнатып, ел бірлігін сақтаудағы әділеттілігімен де аты шыққан. Ұрпақтары осыдан бірнеше жыл бұрын Жамбыл ауданы Ақтерек ауылынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, бейітінің басына ескерткіш орнатты. Ұзынағаш селосында көше аты да берілген.
Қылыш би
Қылыш Итемгенұлы, Қылыш әулие (1788-1849 жыл, Қаражал) – би, Тама болысының басқарушысы болған тарихи тұлға.
Қылыш Итемгенұлы осы күнгі Қарағанды облысының Атасу өзенінің бойында дүниеге келген. Нағашы жұрты – Қаракесек.
Итемген 95 жасында дүниеден озған екен, бейіті Қарағанды қаласының Долинка жағындағы Сасықкөл деген жерде орын тепкен.
Байдалы би
Байдалы Бекшеұлы бүкіл ел қамын ойлаған, қазақтың бірсыпыра белгілі қайраткерлеріне ақылшы аға, үлгілі ұстаз болған, қайратты, қабілетті, ерге қамқорлық жасаған тұлға. Ол жалпы әлсіздерге болысу, әділ болу, қиянатқа қарсы тұруды – адамдық, азаматтық парызы деп түсінген. Халық жадындағы Байдалы би – ел қамын жеген үлкен ойшыл.