top of page

Мөңке би

Мөңке би

Мөңке би – XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында өмiр сүрген тарихи тұлға. Әкесiнiң есiмi – Тiлеу. Орыс жазба деректерiндегi мәлiметтер Мөңке бидiң Әлiмұлы тайпаларының iшiндегi ықпалды билердiң бiрi болғандығынан хабар бередi. Сонан кейiн оның аты Алаш зиялылары М.Ж.Көпейұлы, А.Байтұрсынов және Ж.Аймауытов шығармаларында кездеседi. Ол туралы аңыз-әңгiмелер, өлең-толғаулар тек Кiшi жүз iшiнде ғана емес, бүкiл қазақ даласында кеңiнен таралған. Мөңке би туралы академик А. Жұбанов еңбектерiнде айтылады. Ол: “Мөңке – өз заманының аса тапқыр, ердiң құнын екi ауыз сөзбен шешкен адам” – деп тұжырым жасайды.

З
ерттеушiлер Мөңкенiң туылған жы­лы деп 1675 жылды айтады. Ал дү­ниеден қайтқан жылы деп 1756 жыл­ды белгiлейдi. Оның бұл дүниеден өтiп, мәң­гiлiк мекенiне орналасқанына 200 жылдан асты. Ой тұжырымын сиқырлы сөзбен өрнектеген, шашасына шаң жұқ­пас шешен, қара қылды қақ жарған әдiл би, айтқаны айдай келген көреген, данагөй, жырау Мөңке бидiң өмiрi — бүкiл қазақ халқының жас ұрпақтарына өнеге. Мөңке биден қалған даналық, шешендiк сөздер халық аузында бүгiнгi күнге дейiн сақталған. Оның есiмi көркем туындыларда да көп ұшырасады. Уақыт өткен сайын бұл бидiң өмiрiне қызығушылық арта түсуде. Қазақ халқы оның толғау, жырларын қай кездерде де өз қажетiне жаратып отырды. Жол таппай қысылғанда үнемi ұлы дананың даналығына жүгiнедi. Дала данагөйi Мөңке би жайлы ел аузында хикая көп. Оның есiмi көзiнiң тiрiсiнде-ақ аңызға айналып, ел iшiнде кең таралған. Ел есiнде ол болашақты болжағыш көрiпкел, құт дарыған, Жаратқанның ықыласы ау­ған киелi кiсi атанды. Ұлы далада ондай адамдарды әулие дейдi.

Ол кiсiнiң өмiрiне қатысты нақты деректер, тарихшылардың өзiнде тым тапшы, дей тұрғанмен Мөңке бидiң өмiрi мен атқарған iстерi туралы үзiк-үзiк болса да бүгiнге жеткен мәлiметтердiң бары рас.

1730 жылы Кiшi жүз билерiнiң үлкен кеңесi өтедi. Онда жоңғарлармен соғыс және Ресеймен одақ құру мәселесi тал­қыға түскен. Осы кеңесте Мөңке би: “Күштi жеңедi, ал жеңiстен ақылды ғана пайда көредi... Қандай азулы жыртқыш болмасын, алаулаған от басындағы адам­дарға жоламайтыны белгiлi. Жоңғарларға қарсы осындай оттың орнына бiз Ресей көршiмiздi пайдалануымыз қа­жет”, – дейдi.

1738 жылдың тамыз айы. Бiр топ би, ба­тырларын бастап Әбiлқайыр хан Орын­борға жол жүредi, хан қатарындағы Мөң­ке бимен әңгiмелесiп келедi. Сонда хан: “Патшайымнан зеңбiрек, оқ-дәрi сұра­мақ­пын, сонда бiз жоңғарды жерiмiзден түре қуып шығамыз”,– дейдi.
– Хан ием, мұның бәрiн бiрден бере қояды екен деп дәмеленбе, – дейдi оған Мөңке.
– Бұған дейiн өтiнiшiмдi жерге тастаған емес, – дейдi хан.
– Көрермiз, әуелi олар ант қабылдап алсын... сонан кейiнгi жағдай қалай бола­тынын,– деп тұжырымдайды Мөңке би.

Орынборда шатырдың қақ төрiне Ели­завета әйел патшайымның суретiн iлiп қойған. Суреттiң тұсында – ұлық Татишев. Ол Әбiлқайырға ант берудi ұсынды. Ант беру аяқталғаннан кейiн, Татишев анттың мазмұнын патшайымға жеткiзетiнiн айт­ты. Келесi күнi Орынборға Нұралы сұлтан келдi, ол да ант бердi. Кейiннен Мөңке қобызын алып, қоңыр даусын соза толғау бастады:
Құрамалы-қорғанды үйiң болады.
Айнымалы, төкпелi биiң болады.
Халыққа бiр тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ертеңiңе сенбейтiн күнiң болады.
Ала шұбар тiлiң болады,
Дүдәмалдау дiнiң болады.
Әйелiң базаршы болады,
Еркегiң қазаншыл болады.
Сарылып келiп көлiк тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады...
Татишев тiлмашты басын көтермей отырып тыңдайды да, бiр кезде өңi қарайып кетедi.
Мөңкенiң есiмi тарихи құжаттарға Әбiл­қайыр ханның өлiмiнен кейiн түсе бастаған.

Патша әкiмшiлiгi Әбiлқайыр хан өлi­мiнiң себебiн анықтау мақсатында Кiшi жүзде қалыптасқан хал-жағдайды ба­қылап отыру үшiн татар тiлмашы Ю. Гу­ляевтi Кiшi жүзге жiбередi.

Алғаш рет Мөңке би осы Гуляевтiң жазбасында аталады. Кiшi жүздiң басты деген билерi жиналып, өлтiрiлген Әбiл­қайырдың орнына хан сайлаймыз де­ген мәселе көтерген. 1748 жылы 26-қыр­күй­екте билер мен батырлар Нұралыны хан сайлау керек деген қорытындыға келедi. Алшын бiрлестiгiндегi Мөңкенiң ықпалы өте жоғары болғаны байқалады. Ал патшалық Ресейдiң саясаты ықпалды билердi өз жағына тартып алу едi. Мөң­ке би әу бастан Әбiлқайырдың ұс­тан­ған саясатын онша қолдамаған. Ол орыс­тардың қазақ даласына сұғына кiруi түбi жақсылыққа апармайтынын сол кезде бiлген. Сондықтан ол Ресейге наразы топтың қатарында болды.

1748 жылы 5-қазанда Кiшi және Орта жүздiң ( шағын бөлiгi) билерi мен батыр­лары Нұралыны хан сайлау жайлы Ели­заветаға хат жазады, онда Шектiден шыққан батырдың қатарында Мөңке бидiң қолы тұр. Ал Әбiлқайыр ханның патшалық Ресеймен екi арада жүргiзген ке­лiссөзiнiң ешбiрiнде Мөңкенiң есiмi ауызға алынбаған.

Едiл қалмақтары мен шығыстағы жоңғарлардың шапқыншылығы әлi де тоқтай қойған жоқ едi. Елдiң iшi екiге жарылып, бiр бөлiгi орыстар жа­ғы­на бүйрек бұрып, екiншi бөлiгi оған қар­­сы бағыт ұстанған. Осыны сезген сұңғыла Мөңке би жағдайды тыныштандыру үшiн саяси iстерге белсене араласады. Оның елшiлiк құрамына кiруi де сондықтан едi. Мөңке орыстарға қарсы болғандықтан Батыр, Барақ сұлтандарға iш тартып, жақын болды.

Мөңке – би болуымен қатар, ел бас­қарған рухани көсем, әулие болған.

Мөңке бидiң ата-тегi былай таралады. Ол – Ноғайұлының Мұса ханының ұр­пағы. Мұса ханның бәйбiшесiнен Сирақ туады, онан – Қалу, онан – Бөлек, онан – Айт және Бұжыр. Айттан – Тiлеу мен Қа­бақ тарайды да, ал Бұжырдан Назар, Шү­рек, Жекей өрбидi.

Тiлеу – Әз Тәуке заманында қол бас­таған батыр ретiнде атағы шығып, 1684 жылы Сайрам соғысында шейiт болады. Сүйегi Түркiстандағы қасиеттi Қ.А. Иас­сауи кесенесiнде жерленген. Мөңке би – осы Тiлеу батырдың бел баласы. Мөңке жас кезiнен-ақ ел билеу iсiне араласқанға ұқсайды.

XVIII ғасырдың бiрiншi ширегi та­ри­хымызда “Ақтабан шұбырынды, Алқа­көл сұлама” оқиғасымен есте қалды. Мөңке би бұл уақытта елдiң тұтастығын сақтау, бiрлiкке шақыру мақсатын көз­деген.

Мөңке – барлық әулиелерге тән ерек­­шелiктерi бар қасиеттi тұлға. Зерт­теу­шiлердiң кейбiрi Мөңкенi қазақтан шық­­қан Нострадамусқа теңейдi”. Әулие би 81 жыл өмiр сүрiп 1756 жылы дүниеден өткен.

Бүкiл қазақ халқына ортақ тарихи тұлға Мөңке биге арналған ескерткiш осыдан бiрнеше жыл бұрын Ақтөбе қа­ласында бой көтердi.

Қазақты бүгiнгi күнге дейiн қаншама өткелектен аман алып келген рухани тұлғалардың ортасында Мөңке би тұрғаны – бiз үшiн өте үлкен мақтаныш. Ол халқының жадында мәңгi сақталады. Болашақта рухы асқақтай берсiн дегiмiз келедi.

Ендiгi мәселе – мәңгiлiк мекенiне кесене орнату.

Нұридин БАЛҚИЯҰЛЫ, профессор
Тұрғанғалы ЖОЛБАСҚАН, доцент



bottom of page