top of page

ҰЛТ ӨНЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН

Мақсатымыз – қобызды
насихаттау!

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрі – қазақ музыка өнерінің мақтанышы. 87 жылдан бері халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан оркестрдің құрамында еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлерінің үлкен шоғыры қызмет етті. Ондағы музыканттардың әрқайсысы оркестрдің бір-бір тұлғасы. Бүгінгі ұжымның сондай мақтан тұтар жас­тарының бірі, оркестрдің бі­рін­ші қобыз тобының жетекшісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Зайрагүл Сүйекенова. Журналымыздың осы санында Қорқыт баба ізін жалғаған дарынды музыкант жайында әңгіме қозғалады.

Бірлік Құралұлы Орынбаев

Бағымды ашқан Ақтангерейдің термесі

– Балалық шағыңызға бірге саяхат жасасақ қалай қарайсыз? Құрты мен ірімшігінің исі аңқып, бұзауы мөңіреп, лағы ойнақтаған мамыражай ауыл естеліктерін жіпке тізіп көрелік...

— Сіз менің бүкіл балалығымды есіме түсірдіңіз ғой... Әрине, қуана-қуана әңгіме етем! Мен 1978 жылы 3-қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында Шөміс ауылында дүниеге келдім. Шөміс станциясындағы мектепте төртінші сыныпқа дейін атам Әли мен апам Зибагүлдің қолында оқыдым.

Бірл�ік Құралұлы Орынбаев

Қорқыт Сарынынан - әлемдік классикаға

Аспап пен тұлға туралы әңгіме қозғайық. Бүгінде қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарының бірі қобыз аспабы қалай насихатталып жүр? Оның келешегі қаншалықты? Жастардың қобызға көзқарасы қандай? Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық академиялық халық аспаптары оркестрінің әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының оқытушысы, Өнертану ғылымдарының магистрі Рақымжан Әселмен сұхбат осындай өткір сұрақтарға жауап іздейді. Тілші сұхбаты осы аспаптың бүгіні мен келешегі туралы ой өрбітеді.

Бірлі�к Құралұлы Орынбаев

Нұрағаңның шәкірті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік
филармониясы концерт бөлімінің жетекшісі
Бірлік Құралұлы Орынбаевпен сұхбат

Бірлік Құралұлы Орынбаев

Қазақ биінің аққуы

Гүлзира Рақымжанқызы Қытай Халық Республикасында дүниеге келіп, өмірін бимен байланыстырған өнерпаз. 2007 жылы атамекенмен қауышқан соң ол өзінің бойындағы талантын қазақ сахнасының абыройын аспандатуға бағыттады. Ұлттық би өнеріне жаңа леп болып қосылды. Қазақ өнерінің қайраткері атанды. Төмендегі сұхбатта биші өз өмірі мен би өнері туралы ойларымен бөліседі.

Бірлік Құралұлы Орынбаев

Бақытнұрқызы:
“Бұлбұл“ әні бағымды ашты!

Ләлә (Мөлдір) Бақытнұрқызы эстрада мен опералық өнерді қатар алып келе жатқан әнші. Ол 2010 жылы «Шабыт» фестивалінің лауреаты болса, 2012 жылғы республикалық опера фестивалінің лауреаты атанды. Ләлә тыңдарман жүрегіне «Бұлбұл» әнімен жол тапты. Ән бұлбұлын 2016 жылы «Жылдың үздік ән­шісі» атағы іздеп тапты. Таланты мен талғамы үйлес­кен тал шыбықтай қазақтың ерекше өнер иесі Ләлә Бақытнұрқызымен төмендегі сыр-сұқбат оқырман назарына ұсынылып отыр.

Бірлік Құралұлы Орынбаев
bottom of page