top of page

ҰСТАЗ ДЕГЕН - ҰЛЫ ЕСІМ

Ұлтқа деген сүйіспеншілік

Белгілі балалар ақыны Жақсыгүл Шәріпханқызы Қалжанова 1951 жылы 15 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Оның бүкіл саналы өмірі ұрпақ тәрбиесіне қатысты болып келеді. Алматы қаласының балабақшаларында аға тәрбиеші, әдіскер болып істеді. Алғашқы өлеңдері, әңгімелері сол кезде дүниеге келді. Білім беру саласындағы еңбегі үшін «ҚР білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталды. Соңғы ширек ғасырдан бері біржолата шығармашылықпен айналысады. Республика көлемінде ондаған шығармашылық кештері өтті. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің лауреаты, халықаралық жазушылар одағының мүшесі. Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының профессоры. Қоғамдық «Білім беру саласының үздігі» атағына ие. Отыз кітабы жарық көрді.

Жақсыгүл Шәріпханқызы Қалжанова

Ұстаз бақыты - шәкіртіңмен
бірге қуана білу

Республикамыздағы оқу-ағарту саласынан шыққан жалғыз Еңбек ері, «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендерінің иегері, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі», Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Аягүл Төреқызы МИРАЗОВАМЕН сұхбат оқырман назарына ұсынылып отыр.

Аягүл Төреқызы Миразова

Мемлекеттік тіл - ел мәртебесі!

Ата Заңымыздың 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi деп көрсетілген. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

Гүлжан Ерубаева

Ұстаз деген –
ұлы тұлға, ұлы есім!

Басына байлық емес,
Құрсағына сәби сұраған.
Өзегіне өрт түссе де,
Сыр бермей шыдаған.
Әйел – молшылық көзі
Жоқтан барды құраған.
Көзі көреген
Қолы береген», – демекші осындай аналарымыздың бірі Адамсопы қызы Ақжібек Әкеше келіні.

Бүгінде ел анасына айналған Ақжібек анамыз абыройлы әпке, үлгілі келін, асыл жар, аяулы ана бола білді.

Ақжібек Адамсопы қызы

Асқарбектің асулары

1982 жылы жазда жастарға арналған ғылыми-көпшілік «Білім және еңбек» журналында қызмет етіп жүрген кезім. Өңінен шуақ шашқан, жылы жүзді, ақсары кескінді бір жігіт кіріп келді. Бөлмелес бірге істейтін әріптес інім Әшірбек Амангелдиев таныстырып жатыр: «Бұл жас ғалым, Германияда неміс тілінде докторлық қорғаған Асқарбек Құсайынов!». Ары қарай Асекеңнің журналға әкелген материалдарын әзірлеп жариялауға ұсынып жүрдік. Біздің таныстығымыз солай басталған. Біртіндеп біздің таныстығымыз жолдастыққа, жолдастығымыз достыққа ұласты.

Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы

Әбіш Кекілбаев: Күләш – ғылым әлемінде өз “жұлдызы” бар ғалымдардың іргелісі

“Адам бойындағы асылдың бәрі – ұстаздан. Тек жоғары білімді, дарынды, ақылды әрі ұлтжанды мұғалім ғана инабатты, лайықты ұр­пақты тәрбиелей алады” деген Абай.
Орыстың педагогы К. Д. Ушинский: «Мұғалім – ерен тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті», – деген. Сондай мамандардың бірі емес, бірегейі Мағжан Жұмабаевша айтқанда алты алаштың ең қадірлі орнына жайғасқан ғалым Күләш Айтмолдақызы.

Күләш Айтмолдақызы

Ұлағатты ұстаз

Ұстаз – ұлы тұлға. Ал оның еңбегі – баға жетпес асыл қазына. Ұстаз еңбегінің арқасында ғалым да, дарын да, қарапайым еңбеккер де, батыр да, бәрі-бәрі өз биіктеріне ұмтылады. Ұстаз салған сара жолмен жүріп, ол нұсқаған сүрлеумен ілгері басады. Осындай жол сілтеуші ұлағатты ұстаздардың бірі, бірі емес бірегейі Мизамбаева Қайша Жаржанқызы. Өзінің 50 жылдан астам ұстаздық жолында ол жүздеген шәкірт тәрбиелеп, талай жастың дарынын ашты.

Мизамбаева Қайша Жаржанқызы
bottom of page